BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ЖЖМ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ: ҮКІМЕТТЕ ІШКІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай нарығындағы жағдайға арналған кеңес өтті, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңеске энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехи, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты.

Жиында ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету және шекара маңы аймақтарында мұнай өнімдерінің айналымына бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Энергетика министрлігінің дерегінше, қазіргі уақытта нарықтағы жағдай тұрақты, қажетті отын қоры жеткілікті.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына жол бермеу және мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді. Бұл ретте өңірлерде тауар қозғалысы мен отын шығынын бақылауға ерекше назар аударылатын болады.

Роман Скляр мемлекет үшін басты міндет – ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сондай-ақ бағадағы алшақтық пен логистика тапшылықтың туындауына ықпал етпеуі тиіс екенін жеткізді.

Аталған мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *