BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ҚИЫН БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Девиантты мінез құлықты мектеп оқушыларымен ерекше жұмыс істеуді қажет етеді. Осылай деген мамандар «Жаңа шабыт» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен осы мәселе төңірегіндегі профилактикалық жұмыстың әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі турасында семинар-тренинг өткізді.

Жамбыл облысының 255 мың тұрғыны немесе оның 20 пайызын жастар құрайды. Ал өңірдегі бес жүз колледж бен мектептерде 270 мыңнан астам кәмелетке толмағандар білім алып жатыр. Қылмысқа баратындардың 40 пайызы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Осы орайда «Жаңа Шабыт» қоғамдық бірлестігі психолог, ұстаздар мен арнайы мамандардың басын қосты.

Талғат Сәрсенбайұлының айтуынша, осы іс шара аясында биыл қазан айында да семинар-тренинг ұйымдастырылған. Оған 200-ден астам маман қатысып, алған білімдерін балалармен жұмыс істеу барысында тәжірибе жүзінде қолдана алған. Қорытынды конференцияда жауапты тұлғалар біліктіліктерін көрсеткен.

Аталмыш семинар-тренингке облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласынан мектеп директорының құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, тәрбие психологтары, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *