ЖАТ АҒЫМНАН САҚ БОЛ!
«Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ». Бұл мемлекет басшысының ұлттық құрылтайда өзекті мәселеге қатысты айтқан пікір. Өңірге жұмыс сапарымен келген президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев облыстағы дін өкілдерінің басын қосқан жиында жат ағымның алдын алу, жастардың дұрыс бағыт бағдар көрсету жайында ой бөлісті.
«Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуы тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды, – деді Тоқаев.»
Қ.ТОҚАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы сөзін өңірдегі дін өкілдеріне жеткізу үшін келген Мәлік Отарбаев жастардың бойына барша адамзатқа ортақ құндылықтарды сіңіру керектігін тілге тиек етті.
Дін біріктіретін болмаса, дін ұйыстыратын болмаса онда діннің өзі мәселеге айналады. Сондықтан да, дін шындығына келгенде елді біріктіретін, бейбіт өмір сүрудің мәдениетін қалыптастыратын кәдімгі үлкен ұстаным, жол, қағидатқа айналуы тиіс. Бұл кімге байланысты? Бұл мешітте қызмет етіп отырған имамдарға байланысты,-деді Қр Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев
Өз кезегінде қаланың бас имамы өңірде кешенді жұмыстардың басталып кеткенін жеткізді. Сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес, жат діни идеологияға қарсы жұмыста жаңа серпін болатынына сенім білдірді.
Білесіздер, еліміз бейбіт халқымыз тыныш болу үшін дін тұрақты болу керек. Жастарымыз осы діннің мазмұнын, мәнін біліп, діннің неден тұратынын сезіну керек. Жаңа сөз басында айтқандай, үлкенді құрметтеп, ізет көрсетіп, татулық пен тұрақтылықты ту етіп тігіп, ислам діні бейбітшілікке шақыратыны бәріне мәлім,-деді Тараз қаласының бас имамыЕржан Аманбаев.
Қорыта айтсақ, «Ұлттық болмысымызды сақтай отырып, жаңашылдыққа ұмтылған абзал. Сонда біз үйренетін әрі үйрететін ұлт боламыз». Бұл Президенттің құрылтайдағы түйін сөзі.
Автор: Махаббат Құсайын