ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА 5 «LARGUS» АВТОКӨЛІГІ
Бүгінгі күні облыста 46 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның 6774-і балалар. «Балалар жылындағы» игі істер өз жалғасын тауып келеді. Күні кеше өңірдегі ерекше жандарға 5 дана «Largus» автокөлігі табысталды.
Ерекше білімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында құрылған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға қызметтік көлік кілтін облыс басшысы өзі табыстады.
Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
5 көлік Қордай, Меркі, Талас, Шу аудандарына үлестірілді. Ал салтанатты жиынға қатысқан арнайы түзелту-оңалту мекемелері өкілдері мен ата-аналар шын ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, жыл басындаерекше жандарды арнайы оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 1,5 млрд, ал облыстан297,3 млн.теңге қаржы бөлінген еді.