BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

«125 HIGH SCHOOL» МЕКТЕБІНДЕ ЖАТАХҚАНА АШЫЛДЫ

Таразда «125 HIGH SCHOOL» білім ошағында жаңа жатахқана ашылды. Аталмыш білім ордасы былтыр оқу жылы қарсаңында – Түркістан, Семей, Қызылорда, Талдықорған қалаларынан шәкірт оқытуды бастаса, халық сұранысымен Шымкент қаласында да филиалы бой көтерген. Айта кету керек, республика бойынша бұл мектепте осы жылы 3358 оқушы білім алып, ҰБТ нәтижесінде Қазақстан бойынша ең жоғарғы 137 ұпайды жинаған. Осы орайда оқушылары биікті бағындырып жатқан білім ошағы шәкірттері үшін жасаған заманауи жатақхананың лентасы қиылды.

Білім ордасының жыл сайынғы нәтижесі үкілеген үміттерді ақтап, көптің қуанышын еселеген сайын бұл брендке еліміздің түрлі өңірлерінде қызығушылық арта түсуде. Жоғарғы сыныптарға арналған мектептер желісі биыл оқу жылын еліміздің 9 өңірінен толық 18 мектеп болып бастаған. Мектеп басшылығының айтуынша қазақстан бойынша алғашқы болып Тараз өлкесінен 7-11 сыныптарға арналған интернат бой көтерген.

– Жалпы Қазақстан бойынша 18 мектебіміз бар. Осы 1 –ші мектеп интернаты Тараз қаласында ашылуда. Осында Қыздарға және ұлдарға арналған жатын бөлмелері бар, 1 этажда қыздарға 2-ші 3-ші этажда ұлдарға. Олардың бөлек сабақ оқуларына жағдай жасалған covercing залдары бар, демалыс бөлмелерімен өамтамасыз етілген. Және алдағы уақытта екі жатақхана ашу ойымызда бар, біреуі қыздарға біреуі ұлдарға арналаған,-дейді Елжан Есетов, «125 high school» мектептер желісінің бас директоры

Жатақхана толық заманауи стильде жасалған. 150 балаға арналған интернатта облыстың алыс аудандары мен еліміздің түкпір түкпірінен келген жасөспірімдер жайғасқан. Олар үшін асхана, демалыс бөлмелері, спорт зал арнайы жабдықталған. Мектеп басшылығы алдағы уақытта бұл жобаны барлық қалаларда жүзеге асыру жоспарда бар-,дейді.

– Бір бөлмеде 16 квадрат болатын болса сол жерде 4 бала жатады. Жалпы бөл секционды яғни бір секцияда 2 бөлме әр секцияның өзінің душы бар өзінің өзінің дәретханасы бар деген секілді. Современный стандартқан сәйкес жасалған. Спорт кешенін салып жатырмыз бұл тек жатақханада тұратын балаларға емес таразда бізде 4 мектебіміз бар соларғада арналған, үлкен спорт кешені салынып жатыр. Жалпы қазақстанда біз барлық мектептердің қасынан спорт кешендерін салу жоспарлап жатырмыз,-дейді Алпамыс Сатыбалдин, «125 high school» директорының орынбасары

Мектеп басшылығының айтуынша «125 high school» мектебінде білім алған оқуышылардың 90 пайыздан астамы ұлттық біріңғай тестілеуден ойдағыдай өтіп, жоғарғы оқу орындарына түсіп жатыр. Білімді брендке, тәрбиені трендке айналдырған мектептің алар асулары әлі алда дейді мамандар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *