BASTY BETBILİKJAŃALYQTARQOǴAM

ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРДЫҢҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылады.

Департаментпен жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту деректері анықталды.

Нақтырақ айтқанда, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жұмыс орнынан анықтаманың жоқтығына сілтеме жасалып, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан 3 азаматқа негізсіз бас тартылған. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департаментпен олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау туралы ұсыныс енгізілді.

Департаменттің ден қоюынан кейін қызмет алушылар бюджеттік ұйымның қызметкері ретінде тұрғын үй алу кезегіне қойылып, олардың құқықтары толық қалпына келтірілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайына немесе 8(7262) 438808 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.

Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

Р.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *