БИДАЙ МЕН АРПАНЫҢ ЖАҢА СҰРЫПТАРЫ ЕГІЛДІ
Ел дамуының негізі әлеуеті аграрлық салаға байланысты болғандықтан, ауыл шаруашылығы бағытында өндіріске жаңа технологиялар мен тәжірибелерді енгізу – бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда, «Қазақ егіншілік және зерттеу институтымен» бірлесіп, облыста «019 бағдаламасы» бойынша жоғары сұрыптық тұқымдарды тәжірибеге енгізу жұмыстары басталды.
КТМ: Аталған жұмыстар облыс бойынша алғашқы болып Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тәжірибеге енгізілуде. Шаруашылықтың амафос тыңайтқышымен қайта өңделген демострациялық 50 гектар алқабына «Қазақ егіншілік және зерттеу институтының» мамандары күздік бидайдың 14 және күздік арпаның 3 сұрыпын орналастырыпты.
Асқар БАЙМҰРАТОВ «ҚАЗАҚ ЕГІНШІЛІК ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖЕМДІК ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Жаңадан шыққан сорттардан Әл-Фараби, Момышұлы, Матай сондай-ақ тәлімді жерге орналасқан Несіпхан, Бақытжан деген сорттар орналастарылды///.
Сонымен қатар, аталған шаруашылықта, қосымша Франция елінен жеткізілген жоғары сұрыпты Эклиф тұқымы егілуде.
Қанат ШАЙХИЕВ «СЫПАТАЙ БАТЫР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Атап айтқанда 22 түрлі тұқым себіледі. Сосын, келесі жылы осы егілген тұқымдардан алынған өнімдер облыс бойынша шаруашылқтарға үлгі ретінде көрсетілетін болады.///
Айта кетейік, дәл осындай тәжірибелік демонстрациялық егін егу жұмыстары алдағы уақытта Т.Рысқұлов ауданында «Қайнар агро» шаруашылығында да жүргізілетін болады.