Storytelling

СПОРТТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жамбыл облысында салауатты өмір салтын ұстанушылар мен спорт түрлеріне қызығатын азаматтар қатары артып келеді. Бұл орайда өңірде жаңа спорт нысандары бой көтеріп, халық игілігіне беріліп жатыр. Алайда, кей аудандарда спорт кешендерінде жаттығатын жандар жоқтың қасы.

Жарты жылда Жамбылда 500 мыңға жуық азамат спортқа ден қойған. Соңғы 5 жылда жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар үлесі 10,5 %-ға өскен. Алайда, кейбір аудандарда қыруар қаржыға соғылған спорт нысандарына жан аяғын баспаған. Одан бөлек қараусыз қалыпты.

– Міні біздің спорт алаңшалардың жағдайы.Бірінші кезекте жөндеу жұмыстарын жүргізу керек бірінші кезекте қай жерде жаңағы төсенішті ауыстыру керек болса ауыстырыңыздар. Екінші кезекте жаңағы жаңағы құрылысты жүргізіңіздер. Мынаны қалпына келтірми жаңа құрылысқа кіріспеңіздер,- дейді Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі

Қазіргі таңда, 23 спорт нысанының құрылысы жүруде десек, жыл соңына дейін 16 спорт нысаны қолданысқа беріледі деп күтілуде. Жалпы облыс бойынша 2024-2027 жылдар аралығында 52 спорт кешенінің құрылысын салу жоспарланған. Сонымен қатар, ағымдағы жылға 38 спорт алаңшасының құрылысы жоспарланып, алты айда 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *