ШАРУАЛАР МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ
Суармалы суды қадағалайтын жеке агенттік құру қажет. Бұл Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаты, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың пікірі. Халық қалаулысы Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының шаруаларымен кездесті. Егістік пен су арналарының жағдайын көзбен көрді. Нәтижесінде суармалы суды қадағалайтын жеке орган құрылу қажет деген пікір білдірді. Өйткені егін шаруашылығындағы суармалы су тапшы. Толығырақ Құралай Нұрланқызы баяндайды.
Мәжіліс депутатымен бірге партияның белді өкілі Қуаныш Шонбай, облыс депутаты Нұрсұлтан Темірхан бастаған топ «Шәріпов» қожалығына ат басын тіреді. Мұндағы қант қызылшасы алқабы жаңбырлатып суару құрылғысымен қамтылған. Нәтижесінде жылдан жылға өнім көлемі ұлғайып келеді. Десе де, шаруалар су тапшылығы барын жасырмайды. Сондықтан бұл мәселені мәжілісте көтеруді сұрады.
– Судың бір жағынан қожайыны ауыл шаруашылығына келген кезде Ауыл шаруашылық министрлігі, құбырларға қоймаларға келген кезде бұл экология министрлігі. Сосын олар бір-біріне ысырып, менің мәселем емес сенің мәселең деп ысырады. Себебі нақты осы судың қожайыны жоқ. Сондықтан біздің ұсынысымыз осы агенттік құру, су мәселесінің агенттігі,-дейді Айдарбек Кожаназаров, Respublica партиясының төрағасы
Respublica-лықтар Жамбыл ауданындағы су каналдарының құрылысымен де танысты.Осыдан 5 жыл бұрын аудандағы 94 су арнасында жөндеу жұмыстары басталған. Бірақ қазір 72 каналдың жөндеу жұмыстары аяқталмай қалған. Оған карантин мен сметалық құжаттамалардың ескіруі себеп дейді жауаптылар. Ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізетін бұл мәселе де депутаттар назарға алды.
– Егістік жеріне толыққанды су жеткізу мүмкіншілігі өте аз болады. Земленной каналмен су жүрген уақытта. Оның ішінде суғару маусымына келген кезінде мынау қамыстар өсіп кетеді. Ол жердегі судың өту процесіне өте кедергі жасайды. Соған байлланысты осы бетондау жұмыстарын жасап беруді сұрап отырмыз.-дейді Ербол Жиенқұлов, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары
Депутаттар сапары Жуалы ауданында жалғасты. Халық қалаулылары құс фабрикасы мен сыр өндіретін зауыт өндірісін көзбен көріп қайтты. Сондай-ақ, Сапар барысында суармалы су тапшылығы, ауыл шаруашылығын қаржыландыру мен субсидиялау мәселелері талқыланды.