Storytelling

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жамбыл облысында мамандар су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы егіс алқаптарын 86 мың гектарға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Яяғи аймақтың агросала мамандары тамшылатып суару технологияларын «Ауыл аманаты» жобасы арқылы сатып алуды ұсынып жатыр. Бүгін аталған мәселесі аппарат отырысында кеңінен қозғалды. Айта кету керек қазір өңірде 770 мың гектар егістік жерлердің 181 мың гектардан астамы суармалы алқап,- деп хабарлайды , – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

2022 жылмен салыстырғанда су үнемдеу технологиялары енгізілген егіс алқабы 6,3 мың гектарға артқан. Яғни өткен жылғы көрсеткіш бойынша 57 мың гектар жаңбырлатып және тамшылатып суару технологиясы бойынша пайдаланылған. Бұл нәтижені ағымдағы жылы 65 мың гектардан асыру жоспарлануда. Осылай деген жауаптылар 2030 жылы осы әдіс арқылы суармалы егіс алқабын 92 мың гектарға жеткізу жоспарда бар дейді. Ендігі мәселе осы жоспарды іске асыру үшін қажетті техниканы алу дейді.

  •  Осы жерде көтерілген сұрақтардың барлығы да хаттамаға енетін болады. Ең басты мақсат – шаруалар «Ауыл аманаты» жобасы бойынша берілетін жеңілдетілген несие арқылы су үнемдеу технологиясын қолдану. Осы тұста айта кетер бір жайт, шаруалардың кейбірі «су үнемдеу технологиясын қолдануда 100 миллион теңге жұмсасам, оның 80 миллион теңгесін мемлекет қайтарып береді» деп ойлайды. Сол үшін ауылшаруашылық басқармасының жауапты мамандары лизингке техника алу, субсидиялау мәселесі бойынша жаңа ереже талаптарын жинақтап, қазақ-орыс тілінде ұғынықты етіп жазып, барлық ақпарат құралдары және әлеуметтік желі арқылы халыққа таратсын,- Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Сондай-ақ Қанатбек Қайшыбекұлы шаруаларға алқаптарды ылғалдандыруда «Қазсушар» және басқа да мекемелермен ақылдаса отырып, ағын су баратын егістіктердің картасы жасалғанын, сол картада көрсетілмеген, ағын су жетпейтін алқаптарға егін екпеуге кеңес берді. Қант қызылшасын егу-екпеу де әр шаруаның өз еркі екенін де атап өтті.

 Өткен жылы 11 мың гектарға отырғызылған қызылшаның қуаңшылық салдарынан  6 мың гектары жарамсыздыққа ұшыраған. Қалған 4,6 гектардан 192,4  мың тонна өнім алынып 190,5 мың тоннасы Меркі зауыты ЖШС-не өткізілген. Мемлекет тарапынан басым дақылдар өндірісіне 4,2 млрд теңге субсидия төленсе оның 3,9 млрд теңгесі қант қызылшасына бөлінген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *