AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛДЫ

Елде де шегіртке қаптап жатыр.

Мамандар әсіресе Жамбыл облысында алдағы екі жылда шегірткеден тыным болмайды деген болжам жасап отыр. Соңғы рет өңірде зиянкестердің көптеп таралуы 2017-2018 жылдары шарықтаған. Енді бұл құбылыс қайталануы мүмкін. Алдағы уақытта шаруалар сан соғып қалмас үшін алқаптарды дәрілеу шаралары басталды, – деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап.

Әсемғали Қабдұшевтың шегіртке зерттеп келгеніне 35 жылдан асты. Фитосанитар өңірде 2026 жылы марокколық шегіртке, 2028 жылы итальян прусының таралу шегі болады деген болжамын айтады. Себебі зиянкестердің таралу аумағы жыл сайын ұлғайып келеді. Мысалы биыл үйірлі үш түрлі шегіртке 131 гектарға тұқым тастаған. 

  • Шегірткенің даму кезеңінде өте көп таралуы болып жатыр. Таралу деген 1-2 дана қалса да ол болашақта келесі жылы 1 шегіртке 3 купшик салатын болса 1 шаршы метрден 90 шегіртке шығады деп болжамдай аламыз. Сол себептен ол шегірткенің негізі көтерілуі қазір байқалып келе жатыр. Бірақ та пигі әлі алда, – дейді фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Байзақ аудандық филиалының басшысы Әсемғали Қабдұшев

Жамбыл облысы аумағында үйірлі шегірткенің итальяндық прус деген түрі кеңінен таралған. Мәселен, біз жүрген Байзақ ауданында 17 мың гектардан аса алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін болса, соның 16 мың гектарына мінекей осы шегірткенің түрі таралып кеткен.

Шегірткенің таралуына тосқауыл қою үшін алғашқы дамуының үш сатысында дәрілеу шараларын жүргізу керек. Ал қанаттанып кетсе, химиялық өңдеудің тиімділігі төмендейді. Жалпы шегірткенің көбеюі 10 жылда бір рет қайталанатын табиғи құбылыс, – дейді мамандар. Қазір даланы өңдеу жұмыстарына арнайы ұшақтар мен жерүсті бүріккіш техникалары пайдаланып жатыр. 

  • Бүгінгі күнге жерүсті бүріккіш техникалармен италияндық прус шегірткелеріне қарсы 4253 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Әлі жалғасуда. Қазіргі таңда мынау Т.Рысқұлов Меркі Шу аудандарында бүгінгі күні жауын шашынның көп болуына байланысты қаз тоқтап тұр. Жауын шашын болғанда жел болғанда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмейді тоқтатылады, – дейді ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Сәбит Жүсіпов.

Аумақтық инспекция мамандары шегірткенің таралуын 100 процентке жоя алмаса да, шектік таралуының барынша алдын алып жатыр. Зиянкестерге қарсы 10 тонна дәрілік химикат алынған. Олардың өсімдіктерге еш зияны жоқ, – дейді мамандар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *