BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARЕл

ZHAMBYL HUB – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

 Өңірдің білімге құштар, тың идеяларын жүзеге асырған жастары жиі басқосып жүр.  Ал олар үшін Жамбыл хаб – жобаларын жарыққа шығаруға арналған ашық алаңға айналып отыр. Инновациялық жобалардың авторларының арасында мектеп оқушылары да бар, – деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Айти саласына ден қойғандардың бірі – Әмина Жұматай. 10-шы сынып оқушысы телефонға телмірген жастардың байланыс құралы арқылы уақытын тиімді пайдаланудың шешімін тапқан. Яғни, «Білім құмар» қосымшасын шығарыпты. Балалардың   сабаққа мейілінше ден қоюуына мүмкіндік беретін қосымшада түрлі тақырыптарда сабақтар салынады. Оқушылар болса бос уақытында  тегін дәріс тыңдай алады -, дейді жас программист.

  • Бізде қолданушылар екіге бөлінеді. Біріншісі ол ұстаздар,  екіншісі оқушылар. Ұстаздарға 10-11-ші сынып оқушыларымен және студенттермен жұмыс жасайтын кез-келген адамдар ұстаз ретінде қызмет атқара алады. Біздің ұйымнан оларға арнайы сертификат беріледі. Ал, оқушылар сол арқылы білім ала алады. Оқушылардың әлеуметтік жағдайы төмен болуы, олардың білім беру орталықтарына кедергі болуы мүмкін. Біздің қосымшада олар онлайн әрі тегін білім ала алады,- дейді қыз балаларға арналған мамандандырылған білім-инновация лицей-интернатының оқушысы Әмина Жұматай

Әминасекілді айти жобаларын дамытуға арналған жастарға бірегей алаң бар. Ол – Жамбыл хаб. Стартап-мәдениет пен it-қауымдастықты ілгерілету орталықтың басты мақсаты. Pizza Pitch деп аталатын басқосуда жастар стартаптарын сынап көріп,  аудитория алдында сөйлеуге машықтанады. Ал осы бір кездесу келген қатысушылардың жобаларын «Қазфосфат» секілді ірі компанияның айти мамандары баға беріп, жобаның кем кетіктерін толықтырады.  

Бұған дейін бізде әр-түрлі университеттер мен мектертерден проекттер болған болса, бүгін тек қыздардан құралған командалар қатысуда. Себебі біз technovation girls халықаралық бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырып жатырмыз. Тараз қаласынан technovation girls байқауына 8 команда жобаларын ұсынған болатын. Бүгін сол жобаларды біздің алдымызда қорғап жатыр, – дейді «Zhambyl hub» жетекшісі Айгерім Наурызбекова

Мұндай жиындар оқушылардың еркін, әрі ашық түрде өз идеяларын ортаға салып, одан бөлек қатарластарымен коммуникацияға түсуіне зор мүмкіндік. Осы сынды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады,-дейді жауаптылар. Ал Zhambyl hub – жаңа мүмкіндіктер алаңы болып қала бермек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *