AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақ

ШАРУАЛАРДЫҢ «СЫБАҒАСЫ»

Ата кәсіпке адалдық танытқан меркіліктер соңғы жылдары ірі қараны асылдандыру ісіне көп көңіл бөліп келеді. Ет пен сүтін сатып табыс тауып отырған шаруа қожалықтар саны да арта түскен.  Асыл тұқымды мал алып, кәсібінің көкжиегін кеңейткісі келетіндер «Сыбаға» бағдарламасының шарапатын көріп жатыр,- деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Соңғы жылдары елімізде төрт түлікті асылдандыру ісіне үлкен мән  беріліп келеді. Меркіліктер де бұл бастамадан құр қалмай, кәсіптерін көркейткен. Айталық, Андас батыр ауылындағы «Бахор» шаруа қожалығы бірнеше жылдан бері сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырларды өсіреді. 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен Ресейден асыл тұқымды 100 бас голштин сиырын алып келген. Содан бері шаруашылықтағы мал басы бүгінгі күні 250-ге жеткен. Оның 100-і сауынды сиырлар.

  • Шаруашылықта қазіргі уақытта 100 бас сиыр сауылады. Оның ішінде бір күнде 45 келі сүт беретін сиырлар бар болса, мал басына шақанда 25-27 келіден айналады. Күніне 2200 келідей сүт өндіреміз, оны өзіміздің арнайы цехімізде өңдеп, күнделікті 100 келіден аса ірімшік өндіріп, еліміздің алыс аймақтарына жібереміз,- дейді «Бахор» шаруа қожалығының жетекшісі Бахтияр Хасанбаев

 Мол сүт беретін асыл тұқымды сиырларды ұстайтын шаруашылықта тек қолдан ұрықтандыру әдісі қолданылады.  Ал ұрықтарды арнайы тапсырыспен алдыртамыз -, дейді қожалықтың мал дәрігері.

  • Біз тек қолдан ұрықтандыру әдісін қолданамыз. Ал, ұрықты Алматы қаласынан алдырамыз. Бұл америкалық «Tauros» компаниясында өндірілетін, әлемдегі генетикалық тұрғыда ең сапалы ұрықтардың қатарына жатады. Оның өнімділігі 100 басқа шаққанда 98 пайызды құрайды және біржынысты болып саналады. Өйткені, біз сүт бағытындағы шаруашылық болғандықтан, бізге тек аналық бастар қажет,-дейді мал дәрігері   Александр Якубов  

 Аудандық ауыл шаруашылығы мамандары, асыл тұқымды мал басы санына,  олардан өндірілетін ет пен сүтке мемлекет тарапынан субсидия қарастырылғанын айтады. Мемлекеттен қолдау тапқан «Бахор» шаруа қожалығында қазір 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, аймақта өткен жылы мал шаруашылығында 103 002,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылмен салыстырғанда 7,6 процентке артқан. Мал шаруашылығындағы өнімдердің артуына ет өндірісінің – 4,1%-ке, сүт өндірісінің – 1,4%-ке өсуі әсер етіпті. Сондай-ақ, облыстағы жалпы мал саны 4,9 млн. басқа жеткен. Оның ішінде, мүйізді ірі қара – 569,4 мың бас, қой мен ешкі – 4 177,6 мың бас және жылқы саны – 197,1 мың басты құрады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *