BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kzДенсаулық

ӨҢІРЛІК МЕДИЦИНАҒА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН МЕМОРАНДУМ

Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мен облысәкімі Ербол Қарашөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, медициналық оңалту бойынша қызметтерді алу мен ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді.

Бұл іс-шара аясында Медициналық орталықтың мамандары өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, аймақ медицинасының дамуына зор үлес қосады. ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мұндай сапарлар Қазақстанның әрбір азаматы сапалы медициналық көмек алуы үшін облыстық ауруханалар мамандарының біліктілік деңгейін арттыруға көмектесетінін атап өтті.

– Біз сіздің аймағыңызға практикалық көмек көрсетуді одан әрі кеңейтуді және арттыруды жоспарлап отырмыз. Біздің медициналық орталық жыл басынан бері Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Атырау, Қостанай облыстарында және шымкент қаласында өз тәжірибелік жұмыстарын енгізді. Осы облыстардың әкімдерімен меморандумға қол қойылды,-дейді Алексей Цой, ҚР ПІБ медициналық орталығының басшысы

Айта кетейік, 25 қыркүйектен бері Жамбыл облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының 34 жетекші маманы халыққа практикалық, консультативтік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасады. Облыс әкімі өз кезегінде меморандумның алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал ететініне сенім білдіріп, келген қонақтарға алғысын жеткізді.

– Жоғары білімді, тәжірибиелі медициналық орталықтың мамандары өңірлерге барып біздің дәрігерлерге өз тәжірибиесімен бөлісуде. Сол себептен құрметті Алексей Владимирович сіздерге, мамандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Жамбыл өңірінде сіздерді әрқашан күтеміз,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі

Келесі кезекте Алексей Цой Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығына барды. Аурухананың бөлімшелерін аралап, қызметімен танысты, операция жасалған пациенттермен жеке жүздесті. Сондай-ақ, орталық клиникалық аурухананың президенті Асхат Бралов еліміздің үздік ауруханалырының қызметі туралы жан-жақты айтып, облыс әріптестерімен медицина саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *