JAŃALYQTAR

НАН БАҒАСЫ 19%-ҒА ҚЫМБАТТАДЫ

Тағы да қымбатшылдық. Елімізде нан бағасы қымбаттады. Жыл санап емес, күн санап өсіп келе жатқан бағаның шегі бар ма? Нақты не себеп? Толығырақ менің материалымда.

Нақтыласақ, қымбатшылдық Маңғыстау, Ұлытау, Алматы облыстарында белең алып тұр. Маңғыстауда нан бағасы 120-130 теңгені құраса,  солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстары  бидай өнімі бойынша ең төменгі көрсеткішті көрсетіп тұр. Сонымен жауапты басшы нан бағасының қымбаттауына не себеп екенін айтты.

Аспандияр СЕЙСЕБАЕВ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛДЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

« Жалпы вагондардың болмай қалуы, наубайханалардың бұзылуынан болады. Деседе нанның қымбаттауына аса себеп жоқ. Себебі елімізде өндіріс орталықтары жеткілікті. Тіпті тапшы болуы мүмкін емес.»

 Десе де , Жамбыл  облысында  нан  құны   тұрақты. Өңірде негізгі баға 100-105теңге көлемінде. Жауаптылар алдағы уақытта қымбаттау  қорқынышы жоқ дейді. Себебі облыста ұн тапшылығы орын алмайтына кәміл сеніп отыр. Наубайханаларға ұн дер кезінде жеткізіліп  отырады  дейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *