AGROBASTY BETBİLİMАймақ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҮШ ЕСЕ АРТАДЫ

Жамбыл облысында қант қызылшасының көлемі 3 есе артады.

Биыл тәтті түбір 10 мың 600 гектар алқапқа егілді. Бүгін егістік басына Премьер-министр Олжас Бектенов барды. Ол жаңғыртылып жатқан су қоймасының құрылысын да көрді. Сондай-ақ бірнеше зауыттың жұмысымен танысты, – деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздегі бөгеттер пен су қоймалары 1950-1970 жылдары салынған. Сондықтан мемлекет басшысы 20 жаңа су қоймасын салып, жұмыс істеп тұрған 15-ін жаңғыртуды тапсырды. Солардың бірі Тасөткел су қоймасы 35 мың гектар алқапқа су таратады. Өңір үшін маңызы нысан. Үкімет басшысы су қоймасындағы құрылыс барысын көрді. 

  • Қазіргі таңда су қоймамызда 90 пайыз су толып тұр. Бұл суды біз Шу және Мойынқұм аудандарының қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда бізде реконструкция жүріп жатыр. Сейсмикалық тұрақтандыру екінші этап. Ол да аяқталып қалды. Катастрафический сброс соғылып жатыр. Дренажный каналымыздың бәрі реконструкциядан өтті, – дейді Тасөткел су қоймасының учаске басшысы Данияр Анарбеков

Биыл өңір диқандары қант қызылшасы алқабынан 600 мың тонна өнім алуды жоспарлайды. Себебі тәтті түбір егілген егіс алқабы 6 мың гектарға ұлғайды.  Сумен қамту үшін мемлекет жаңбырлатып және тамшылатып суару технологиясын қолдануды ұсынуда. Ал оған кеткен шығынның 80 проценті мемлекет тарапынан өтеледі. 

  • Жалпы біз енді биыл қомақты қаржы бердік ауыл шаруашылығы саласына. Өзіңіз білесіз тыңайтқыштарға, жанар-жағармай басқа жеңілдетілген несие бәрі бар. Енді жақсы нәтиже күтеміз, – дейді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов

Расында мемлекет тарапынан су үнемдеу технологиясын енгізетін жобаларға 2,5%-пен, 5 млрд теңгеге дейін 10 жылға несие береді. Сондай-ақ фермерлерге жеңіл болу үшін суармалы суды субсидиялау қолға алынған. Жалпы аймақ шаруаларын қолдау үшін биыл мемлекетен 40 миллиард теңге қарастырылды. 

  • Оның ішінде 20 миллиардтай қаражат ол субсидиялау. Қалған қаражат ол шаруашылықтарды кредиттеу көктемгі дала жұмыстары жаңағы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін қолдану және де ауыл аманаты бағдарламасы бойынша, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов

Отандық тауар өндірушілерге қолдау бар

Үкімет басшысы жаңа ірі өндірістердің құрылысы жүргізіліп жатқан Jibek Joly арнайы экономикалық аймағына барды. Одан соң еліміздегі аяқ киім шығаратын негізгі Тараз былғары зауытына ат басын бұрды. Премьер-министр жұмыс сапары барысында Қазфосфат пен Супер Фарм фармацевтикалық зауыттарының өндірісімен танысты. Жалпы бүгінде өңірдегі 859 кәсіпорында 44 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олжас Бектенов жауапты мамандарға отандық өндірушілерді, оның ішінде жеңіл өнеркәсіпті қолдау шараларын күшейтуді тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *