ЖАМБЫЛДА ПИЯЗ ЖИНАЛЫП ЖАТЫР
Жамбыл ауданы шаруалары алғашқы көкөніс өнімдерін жинай бастады. Егіс алқаптарында дәл қазіргі таңда жұмыс қызу. Шаруалардфң айтуынша биылғы жылы өнім жақсы түсті, ауа-райы өте қолайы, су тапшылығы болмады, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
«Ақ жол» шаруақожалығы алқаптағы соңғы пияз өнімін жинап жатыр. Әр гектардан 50-60 тонна пияз алынуда. Өнімдер Ресей елі мен басқа да облысқа экспортталады.
- «Ақ жол» шаруа қожалығы 170 гектарға өнім екті. Оның 40 гектары қызылша, дәнді дақылдар мен бақша дақылдары. Қазір белсенді жұмыстар мен егін жинау науқаны жүріп жатыр. Биыл астық мол болды. Ал ауа райы қолайлы болды, құрғақшылық болған жоқ. Түркістанға пияз жеткізіледі. Бағасы 40-50 теңге, – дейді «Ақ Жол» ШҚ төрағасының орынбасары Талғат Бұқарбаев
Ағымдағы жылы ауданда 54 754 гектарға егін егілген. Оның 7372 гектары көкөніс дақылдары, 327 гектары бақша дақылдары, 1626 гектары қант қызылшасы сондай-ақ басқа да өнімдер. 1-га-дан алынған орташа өнім гектарына 16,3 центнерді құрады.
- Бүгінде Жамбыл облысында пияз бен қант қызылшасын жинау жұмыстары жүріп жатыр. Дәл қазір жұмыс барысын тексеріп, қарап шықтық. Биылғы астық мол. Мәселен, Шайқорық ауылында қант қызылшасы жиналуда. Шамамен 1 гектар – 100 тонна өнім, дейді – Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасынов
Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау аясында жамбылдық шаруалар 39 жаңа трактор алды. Сонымен қатар басқа да қосалқы техникалар алынды. Қант қызылшасы алқабынан кейін ауданда жүгері, сәбіз секілді көкөністерді жинау жұмыстары басталады.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, былтыр егін жинау кезінде пияздың килограмы 132-134 теңге болса, 2024 жылдың басында бағалар килограмына 107-114 теңгеге дейін төмендеді.
“2023 жылдың күзінің басынан бастап пиязға сұраныс айтарлықтай төмендеп, шаруалар пиязды бір килограмын тіпті 40 теңгеге сата алмады. Осы уақытқа дейін көптеген шаруалар пиязды сатуға шешім қабылдап, ұсыныстарын арттырған кезде, бағалар килограмына 15-20 теңгеге дейін төмендеді”, – дейді министрлік.
16 наурыздағы жағдай бойынша, қазақстандық шаруаларда 160 мың тоннаға жуық сатылмаған өнім бар. Оның 138 мың тоннасы Жамбыл облысында, 22 мың тоннасы Алматы облысында.