BASTY BETJAŃALYQTAR

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жамбыл облыс бойынша 9 негізгі жылу энергетика кешендері мен 593 автономды қазандық бар. Олар 1 700 әлеуметтік нысан мен 1600-ге жуық көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы жылыту маусымына небәрі 20 күн ғана қалды. Алайда өңірдегі бірқатар қазандықтардың жөндеу жұмыстары әлі толық аяқталмаған. Бүгінгі ақпараттық кеңесте қаралған мәселе осы. Құралай Нұрланқызы толығырақ айтады.

Мамандардың айтуынша облыс бойынша барлық жылыту кешендерінің дайындығы орта есеппен 96 пайызды құрап отыр. Денсаулық сақтау, мәдениет, спорт пен әлеуметтік арнаулы мекемелер толықтай көмірмен қамтылыпты. Яғни, биылғы қытымыр қысқа мекемелер дайын деген сөз. Алайда, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенін жылумен қамтамассыз етуде мәселелер бар.

– Көне тараздың жалпы ғимаратының өзі жаздық ғимарат болып табылады. Дегенмен ол жерге жылу энергиясы толыққанды барып тұр. Бірақ терезенің көптігіне байланысты жылу сақталмайды. Жоғалту өте үлкен. Сол себепті ол ғимаратты жылумен қаптағыш материал төсеу мәселесін тараз қаласы әкімдігімен бірлесіп шаралар бекітіледі,-дейді Құдайберген Қорғанбаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы

Ал шаһар бойынша тұрғын үйлер 99 пайызға дайын екен. Бірақ аудандардағы білім ордалары жылыту маусымына дайын болмауы мүмкін. Бұған дейін мемлекеттік сатып алу конкурсының кеш өткізілуі жұмыстың кеш басталуына себеп болғандығы айтылған. Дегенмен жауаптылар қазан айының ортасына дейін аяқтаймыз деп отыр. Өз кезегінде облыс әкімі жұмысты сапалы орындады тапсырды.

Жалпы жылыту маусымына қатысты мәселелер түбегейлі шешілгендей. Дегенмен аймақ басшысы жауаптыларға қазандықтар мен жылыту жүйелерін, көгілдір отын қорларын жіті бақылауда ұстап, 1-қазанға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *