BASTY BETBİLİMJAŃALYQTAR

ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫ ЕРЕКШЕ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Жамбыл облысында мектеп оқушысы  электр энергиясын өндіретін қондырғыны ойлап тапты. Жас ғалымның жұмысы таңғалдырады. Өйткені, су бетінде қалқып жүреді, – деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

12 сыныпта оқитын Қанат Тәжіханның су бетінде қалқып жүретін қондырғысы қарапайым күн панельдеріне қарағанда 15%-ға артық энергия өндіреді. Жас өнертапқыш бұл жобаны 7-сыныпта қолға алған.  «Ақылды қондырғы» деп атаған туындысында арнайы трекерлер орнатылған. Олар күннің бағытын бақылап, күн ұясына батқанша бұрылып тұрады.

  • Күн трекерін жасадық. Себебі судың бетіне орналастырылғандықтан күн әрқашан да өзінің троекториясын ауыстырғандықтан біз өте эфективный күн трекерін жасадық. Әлем бойынша осы үш технологияны қосып ешкім жасамады, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Қанат Тәжіхан

Қанат өткен жылы жобасын қорғап 3 млн теңгенің грантын жеңіп алаған. Биыл сол қаржыға су бетіндегі станциясын құрастырыпты. Қазір жас ғалымның құрылғысы Алматы облысындағы Түрген ауылында тәжірибеден өтіп жатыр.

  • Оқушыларымыз Стем бағдарламасы бойынша жұмыс жасап келеді. + Жамбыл облысы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы тұрғылықты елді мекендердегі адамдарды электр энергиясымен қамтамасыз ету жөнінде  жұмыстар зерттеліп, толыққанды жақсарту жолдарын жүргіздік, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебі физика пәнінің мұғалімі Ерболат Қасқырбаев 

 Жас ғалым,  игі жобама инвесторлар қолдау көрсетсе, көршілес қырғыз еліне алақан жаймайтындай станция салуға болады дейді.

Қанаттың бұл жалғыз жобасы емес. Ол Қалдыбай Барысхан есімді сыныптасымен бірге жасанды интеллект арқылы қоқыстарды 5 түрге бөліп сұрыптайтын робот құрылғыны да жасап, жетілдіру үстінде.

“Екінші жобаны қолға алғалы көп бола қойған жоқ, небәрі үш айдай уақыт болды. Бірақ, менің қазіргі таңдағы басты мақсатым, арманым десе де болады, қалқымалы күн панельдерімді қолданысқа ендіру үшін инвестор табу. Жобам жүзеге асса, одан әрі әлемді таңдандыратын туындыларды жасауға күш саламын. Оның біразы қазір ойда пісіп-жетілуде” деп жымиды талапты талант.

Айта кетейік, жас ғалымның бұл жобасы бүкіл Азия елдері қатысатын “Ingenious project – 2022” халықаралық ғылыми жобалар байқауында І орын, Францияның Париж қаласында өткен “The Big Progress” халықаралық байқауында І орынды иеленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *