БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Облыста 903 мемлекеттік білім беру ұйымдары бар. Оның 17432 бейнебақылау камерасының 10458-і (58,99%) аналогтық, 6974-і (40,01%) цифрлық бейнекамералар.
Аналогтық бейнекамераларды кезең-кезеңімен цифрлық бейнекамераларға ауыстыру тапсырмасына сәйкес 2024 жылға 3337 камераны ауыстыруға 339 млн 400 мың теңге, сондай-ақ, білім беру ұйымдарын ЖБО-на (жедел басқару орталықтарына) интеграциялауға, дабыл түймесінің шығындарына, турникеттің қалыпты жұмыс істеуін сүйемелдеуге және мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етуге жергілікті бюджет есебінен барлығы 552 млн 060 мың теңге қаражат бөлінді.
Қазіргі таңда, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу, Шу аудандары және Тараз қаласы білім бөлімдері білім беру ұйымдарының аналогтық бейнекамераларын цифрлық бейнекамераларға ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, барлығы 2814 (155 мектепке 2261 камера және 54 балабақшаға 553 камера) цифрлық бейнекамералар орнатты.
Білім беру ұйымдары үш топтан екі топқа бөлінуіне байланысты (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына 2024 жылғы 7 ақпандағы №26 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты білім беру ұйымдары бала және персонал санына сәйкес 2 топқа бөлінді (2023 жылы мектептер 3 топқа бөлінген болатын)), интеграцияланатын білім беру ұйымдарының саны 244-ке ұлғайып, осы мекемелерге талапқа сай қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 528 млн. 952 мың теңге бөлінді.
Бүгінгі күні, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдары бойынша:
– бейнебақылау жүйелерін интеграциялау – 84,6%:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары – 83,21%,
мектептер – 84,33%,
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – 100%
– дабыл түймесі – 100%
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары – 100%,
мектептер – 100%,
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – 100%,
– турникеттермен / домофондармен жабдықтау (балабақшалар бойынша домофон) – 86,88%
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары – 96,34%,
мектептер – 81,72%,
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – 100%,
– мамандандырылған күзет қызметі – 85,11%
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары – 65,85%,
мектептер – 92,47%,
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – 100%.
Қазіргі таңда, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Талас, Сарысу, Шу аудандары білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жарақтарымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты 2024 жылдың соңына дейін мектептерді жедел басқару орталығымен интеграциялау, дабыл түймесімен жабдықтау, мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету көрсеткіштерін 90%-ға орындау көзделуде.
Ал, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жұмыстарын толық аяқтау үшін, білім беру ұйымдарына қол жеткізуді басқаруды бақылау жүйесіне (турникет, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін домофон) және білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерін цифрлық бейнебақылау жүйесіне ауыстыруға қажетті 1 млрд. 333 млн. 853 мың теңге қаржы бөлінген жағдайда білім беру ұйымдарының қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар толық аяқталатын болады.
Облыс бойынша 21 мектеп-интернаттар мен мектеп жанындағы интернаттарға қосымша бейнеқабылау жүйелерімен жабдықтау үшін 52 524 238 теңге қарастырылды (бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға 37 324 238, интернаттарды полиция бөлімінің жедел басқару орталығымен интеграциялауға 15 200 000 теңге).
Қазіргі таңда, 12 интернаттың бейнебақылау жүйесі жаңартылды. Қалған 9 интернаттың бейнебақылау жүйесін жаңартуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп-интернаттардың жатақханаларын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жұмыстары келісім-шарт негізінде мерзімінде аяқталатын болады.
Сондай- ақ, жекеменшік мекемелермен де ұдайы байланыс алынып, балалар қауіпсіздігін басты назарда ұстау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бірінші (47 балабақша, 14 мектеп) және екінші (105 балабақша, 30 мектеп, 22 колледж) топқа жататын 218 нысанның интеграция жасалғаны- 205 (94,04%), дабыл түймесімен- 164 (75,23%), ІІ топқа жататын 157 нысанның турникетпен жабдықталуы- 113 (71,97%), Мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету- 114 (72,61%) құрайды.
Аталған жұмыстар басқарма тарапынан бақылауға алынған. Зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздікке қатысты құралдардың техника болғаннан соң тозуына, істен шығуына байланысты білім беру мекемелері актілерін жолдап, тиісті ауданық- қалалық білім бөлімдері тарапынан үнемделген қаражаттан немесе жаңа тапсырыс ретінде бюджеттік өтінімдер жолдануда.