ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Өңірде тәтті түбірді жинау науқаны қыза түсті. Жамбыл ауданында да диқандарда қант қызылшасын жинауға білек сыбана кіріскен. Жалпы биыл аудан бойынша 1626 гектарға өнім егілген. Қазіргі таңда шаруалар 8 гектар алқаптан өнім жиналып үлгерген, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Алқап басында қызу жұмысқа кіріскен «Жанболат» шаруақожалығы әр гектардан 100 тонна тәтті түбір алуда. Қант қызылша жинайтын бір комбаин мен 10 адам егін басында өнім тәтті түбірді жинап, көліктерге артылып жатыр. Жиналған өнімді «Меркі қант зауыты» 40 теңгеден қабылдауға келісім жасаған.
- Бүгінгі таңда егінді қазуды бастадық. Қант қызылшасының тұқымы Түрецкийквест Италия егілді. Былтыр да тура осы тұқм егілген. Бірақ биылғы өнім былтырдан жақсы. Енді шамамен гектарына 100 тонна аламыз деп шамалап отырмыз. Қазір қазуды бастаймыз, азанда Меркі қант зауытына жөнелтілетін камаздар кіреді, – дейді «ЖАНБОЛАТ» ШҚ жетекшісі Дәурен Әбдешов
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасынов Шайқорық және Тастөбе ауылындағы бірнеше алқаптарды аралап, шаруалармен тілдесті. Жалпы түсім 640 тоннаны құрап отыр. Әр гектардан орта есеппен 800 цн өнім алынып жатқанын жеткізді. Ауа-райы биыл егін еккен шаруалар үшін өте қолайлы болды. Өнім де көп жиналғанын жеткізді.
- Жамбыл ауданы бойынша 53 595 га жерге егін егілді. Оның ішінде 4080 га күздік бидай, 12 мың га жаздық арпа, 7300көкөніс, оның ішінде 5200 га пияз алқаптары және 1545 га жерге қант қызылшасы орналастырылған. Қазщіргі таңда қант қызылшасы мен пияз теру науқаны жүруде ауданы бойынша, – Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасынов