BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТАРАЗДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен зейнет жасындағы адамдарды қолдау, сондай-ақ оларға рухани-әлеуметтік көмек көрсету мақсатында “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, орталықтың одан әрі дамуын тіледі. Орталықтың жұмысына психологиялық тренинг, дәрігер кеңесі, физиотерапия, массаж және спелеотерапия кіреді. Сондай-ақ, орталықта жаттығу залы, йога, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд залы бар. Ұлттық Би, Вальс, хор, вокал, сәндік-қолданбалы өнер, емдік дене шынықтыру, тіл үйрену үйірмелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, мәдени іс – шараларды ұйымдастыруға кино, театр, серуендеу секілді мүмкіндіктер жасалған. Айта кету керек, қарт адамдарға арналған барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *