AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақ

ҚАНТ ЗАУЫТЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Биыл аймақта қант қызылшасы 11 200 гектарга егілген. Түсімі 600 мың тоннадан аспақ. Ал облыстағы қызылша қабылдайтын жалғыз Меркі қант зауытының қуаттылығы 450 мың тоннадан аспайды. Сол себептіде ауа райының қолайлылығына байланысты зауыт жұмысын 1 ай бұрын бастап кетті, – деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі. 

Меркіде «Меркі қант зауытында» қызылша қабылдау пункті ашылып, бағалы дақылдың алғашқы өнімдерін қабылдай бастады. Осы орайда салтанатты шара ұйымдастырылып, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшасы және бас агроном қатысты. Жаз бойы бел жазбай еңбек етіп, тер төккен шаруаларды құттықтап, істеріне сәттілік тіледі. Аудан әкімі орынбасарының сөзінші, 139 шаруа қожалық егістікке егін еккен. Өнімнің сапасы мен көлеміда жаман емес деп отыр.

  • Бізде мынау ауданымызда биылғы жылы қант қызылшасын отырғызған шаруақожалықтары өте көп. Биылғы былы олардың саны 139ға жетіп отыр. Жалпы меркі ауданы бойынша 3700 гектарға қант қызылшасын отырғызып, шамамен 200 мың тоннадай қант қызылшасын аламыз деген жоспар бар, – дейді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев 

Ағымдағы жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты қабылдау пункті ерте ашылды. Қазіргі уақытта қабылдау пункті таңғы 8:00-ден кешкі 21:00 ге дейін жұмыс жасайды. Ал қазан айының 7-сінен бастан бұл пункт тәулік бойы қант қызылшасын қабылдайды. 300 ге жуық қызметкер жұмыс жасап жатқан зауыт алдағы уақытта адам санын 500 ге көбейтпек. Мемлекеттен 10 миллиард теңгеге жуық жеңілдетілген несие алып, қондырғыларын жаңартқан.

  • Биыл қант қызылшасы көп егілді сол үшін біз бір ай бұрын ерте ашып жатырмыз.//  Қазіргі күнге 4 буртокладочный машина істеп жатыр қант қабылдау үшін. 1  буртокладочныймашине Украйнадан келе жатыр. Ол октябрдің бас жағында болады, – дейді «Меркі қант зауыты» ЖШС басшысы Нұржан Қарғабаев 

Айта кетейік, Зауыт өңдеуді 15 қыркүйектен бастап кетті. Зауытқа алғашқы болып Жамбыл және Талас ауданының шаруақожалықтары бірінші болып өнімдерін өткізуді бастап кетті. Зауыт басшылығы алғашқы келген 3 автокөлікке арнайы сыйлықтар табыстады.

Қант қызылшасының биылғы түсімі 1 млн 200 мың тоннаға жетеді деген болжам бар. Бұған арнайы бөлінетін субсидияның ұлғайғаны ықпал еткен. Яғни, осыған дейін тәтті түбір 13 мың 400 гектарға егілсе, енді алқаптардың ауданы 25 мың 200 гектарға дейін өсті. Өнімділік біршама артқанымен, қызылшаны өңдеуге елдегі қант өндірісінің қуаты жетпеуі мүмкін.

Айта кетерлігі, бір зауыттың қызылшаны өңдеуге қуаттылығы жетпесе, оны басқа зауытқа көшіру қарастырылған. Немесе артылған шикізатты Қырғызстан нарығына өткізуге болады. Алайда бұл амалдардың қалай іске асатыны жиын-терім аяқталғанда белгілі болмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *