ТАРАЗДА РЕСЕЙ ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
Биылғы оқу жылында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы Тараз қаласында өз жұмысын бастады. Өңірлік мамандар Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясындағы бұл бастаманың студенттерге берері молі, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Химия өндірісінің жілігін шағып, майын ішкен жергілікті мамандардың айтуынша, өңірлік университеттің ресейлік жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуы заңдылық. Өйткені Жамбыл облысы химия өнеркәсібінің локомотиві саналады. Екі университет арасындағы байланыс өткен жылы орнаған. Енді биыл жеке филиалы ашылып отыр. Қазір ресесйлік оқытушылар «Бейорганикалық заттар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 30 студентке білім беруде.
- Мемлекеттердің иммиджі, абырой-беделі әр елдің эконмикасына байланысты бағаланады. Ал эконмика негізінде ғылыми-техникалық, ғалымдар прогресс жатыр. Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық институтының филиалының ашылуы Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымға байланысты,- дейді Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов
Бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша болашақ химия технологтары алғашқы 2 курсты Дулати атындағы университетте, үшінші курсты Мәскеу РХТУ-да оқып, төртінші курста Таразға қайта оралады. Ал кейінірек «Қазфосфат» ЖШС жұмыс істей алады.
- Жақында үлкен ашылу салтанаты болады. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Жұмыстар керемет жүруде. Көптеген лабараториялар болады. Енді студенттер жақын арада, Қазан айынан бастап жаңа, заманауи бөлмелерде оқиытын болады. Әрі толықтай жаңа техникалармен қамтамасыз етілген. Бұл ретте демеушілік еткен Қазфосфат компаниясынан алғысым шексіз,- дейді РФ «Білім беру» ұлттық жобасының қоғамдық-іскерлік кеңесінің мүшесі Александра Глазкова
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен маусым айына дейін Дулати университетінің 7 студенті Мәскеуде оқуын сәтті аяқтаған. Ал «Қазфосфат» зауыты болса ай сайын студенттерге 200 мың теңге көлеміндегі шәкіртақымен қамтамасыз еткен.
- Бұл -жоғарғы шәкіртақы, жұмыспен қамту, белсенді-заманауи білім алу. Себебі бұл салада тәжірибе аз, аз сабақта енді тәжірибек көп болмақ. Әрі шетел аспай-ақ шетелдік білімді алу. Әрі қос диплом иелену. Мен мұнда оқығандар еш өкінбейді деген ойдамын, – дейді химия пәнінің оқытушысы Ұлан Үсенов