AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақ

 «БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ»

 «Бір ауыл – бір өнім». Бұл – әлеуметтік жоба. Жоба аясында елді-мекендегі қыз-келіншектер түрлі қолөнер, ет,сүт өнімдерін дайындап, бір ауылдың атымен бренд ретінде жасап шығармақ. Тауарлар ел ішіне және шетелдерге экспортқа да шығарылуы мүмкін. Енді ауылда кәдеге аспай жатқан жүндер өңделіп, түрлі бұйым жасалады, әрі табыс көзі болады.90-ға жуық тауар өндірушінің басын қосқан шарада ұлттық асымыз –ет, қазы да табылды, деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Бұл құсты үй жағдайында да өсіріп, көл-көсір табысқа кенелуге болады. Еті холестеринсіз, микроэлементтерге бай. Бұл өнім буынның ұстамалы ауруы – құяңның алдын алуға сеп көрінеді. Ал жылқы етінің пайдасын айтпасақ та белгілі.

  • Өнім тек қана өзі үйлерінде жасалады. Өздерінің тұрақты клиенттері бар. Соларға сатылып отыр. Енді Атамекен кәсіпкерлер палатасынан тиісті сертификатымызды алсақ, алда дүкен сөрелеріне шығарамыз деген ойдамыз. Бізде қазір бөдене, қазы өнімдеріне сұранс жақсы. Мысалы, олар үцлерінде-ақ сатып отыр. Одан кейін құрт-май өнімдеріне сұраныс көп, – дейді Байзақ ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күнсая Амирова  

  «Бір ауыл – бір өнім» жобасының тағы бір маңызды бөлігі – кіші бизнес пен әлеуметтік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануды ұйымдастыру. Бүгінде мемлекет микро әрі кіші бизнесті қолдауға грант пен жеңілдетілген несие бөліп келеді, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды қолдау үшін әлеуметтік бағдарламалар арқылы төлемдер жүргізіп, жұмысқа орналастырады.

  • Жәрмеңкенің басты мақсаты-ауданнан шыққан кәсіпкерлерді сүйемелдеп, өнімін экспортқа шығаруға көмектесу. Бүгінгі таңда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Іскер әйелдер» қаумдастығымен бірге әйел адамдар кәсібінің дамуына қолдау білдіріп жатырмыз. Осы жерде сарапшы топтар жұмыс істеп жатыр. Сарапшы топ кәсіпкерлердің үздік тауарын шығарып, өнім өндіруші қайтарымсыз грантқа мүмкіндік алады, – дейді Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев 

Қазақстанда «Бір ауыл – бір өнім» жобасы 2021 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылуда. Биыл Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушілерден 90-нан астам өтінім қабылдады. Сондай-ақ, көрме аясында Жамбыл облысының әкімі Е..Қарашөкеевтің бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша, өнімдер маркетингтік қолдауға ие болып, брендттеліп, сертификатталатын болады. Бұл жергілікті тауарларға деген сұранысты арттырып, экспортқа шығуына мүмкіндік беретіні анық. Іле ауданында өткен көрмеде үздік деп танылған туындылар «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесіне қатысып, жеңімпаз атанып 5 млн теңгеге дейін грант ұтып алу мүмкіндігіне ие. Бүгінгі күні ұйымдастырылып отырған іс-шара – жергілікті кәсіпкерлердің кәсіби өсуіне ықпал етіп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *