BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«СЫРЛЫ СЕЗІМДІ АҚЫН»

Соңғы жылдары ақын-жазушылардың шығармашылығына қызығушылық танытқан оқушылардың да, жастардың да қатары артқан. Осыған орай өңір орталығында жиі қаламгерлерге шығармашылығына арналған кештер ұйымдастырылып жүр. Бүгін де Нарша Қашағанұлының құрметіне «Сезімі сырлы ақын» атты сырласу кеші өтті. Жиынға қоғам қайраткерлері мен ақынның балалары қатысты.

Нарша Қашағанұлының өлеңдері халықты адамгершіліке, парасатылық пен ізгілікке, адалдыққа баулуға арналған. Қаламгердің сөзіне жазылған бірқатар әнде жарық көрген.

Ақынның артынан қалған әдеби мұраны өскелең ұрпаққа таныстыруға арналған шарада жастар белсенділік танытты. Оның туындыларын ұйып тыңдады. Ал, ұлы Нұрбол Қашаған осындай кеш ұйымдастырған азаматтарға өз алғысын білдірді.

– Жалпы мұндай көп шаралардың көп болғаны жақсы ғой әрі ұрпақтарды қанаттандырады, ұрпақтарға кішкене берер тағылымы мол. жалпы Талас еліненде мұндай Елге белгілі танымал иелері аз шықпағае, солардың бірі Нарша Қашағанұлы Наршаның әкеміз болғанын біз мақтан тұтамыз. Мүндай кісінің баласы болуда үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан мына бүгінгі кештің өткеніне өте өз ризашылығымды білдіремін,- Нұрбол Қашаған, Н.Қашағанұлының баласы

Ақынның алғашқы «Өлеңге менің дағы бар таласым» атты жыр кітабы республикалық «Санат» баспасынан жарыққа шықты. Бұдан соң «Жақсылық жаса адамға», «Елде тұрам», «Туған ел тұлғалары» секілді тағы да үш жинағы оқырман қуымға жол тартқан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *