AGROBASTY BETJAŃALYQTAR

 ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ҚАЛАЙ ӨҢДЕЛМЕК?

Биыл қант қызылшасы бітік шықты. Облыстағы алқаптардан  600 тоннаға жуық өнім алу жоспарланған. Ал диқандар тонналаған тәтті түбірді қайда өткіземіз деп әлек болып жатқаны жасырын емес. Осы сұрақтар төңірегінде осы салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек, облыстық масихат депутаттары мен диқандар басқосты, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Биыл ауа райы қызылша еккен жамбылдық шаруалар үшін қолайлы болды. Су мол, тәтті түбір де бітік шықты. Алайда алқап басындағы диқандар өнімін өткізе алмай қаламыз ба деп алаңдаулы. Ал облыстағы қызылша қабылдайтын жалғыз Меркі қант зауытының қуаттылығы 450 мың тоннадан аспайды. Жауапты басқарма мамандары өнімнің рекордтық деңгейде шыққанын растап отыр. Мұны алдын ала біліп, Талдықорған қаласындағы Ақсу қант зауытымен  келісімге отырған. Артылатын 150 мың тонна тәтті түбірді сонда өңдемек. Ол үшін тасымалдаушы компаниямен де келісімге келген. Басқарма Ақсу қант зауытына өткізілетін өнімнің әр келісі үшін шаруаларға 45 теңге төлейді. Өнімін Меркі қант зауытына өткізетіндер үшін де мемлекеттен қолдау бар. Ал 1000 километр қашықтықта орналасқан зауытқа қызылша тасу үшін қаржат тапшылығы бар екен.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек жамбылдық диқандарға 16 млрд теңге субсидия қарастырылғанын жеткізді. Айта кету керек бұған дейін облыста 2 қант өндейтін зауыт жұмыс істеген болатын.

  • Жаңа  зауыт соғылады. Тура казір Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан шет елдіктерге зауыт сату туралы ешқандай мәселе жоқ. Ал енді 2022 жылы болған мәселені білмеймін. Ал жалпы зауыт соғамын дейтін азаматтар болса кез-келгеніне қолдау көрсетуге  дайынбыз. Қазақстан даму банкінен қажетті қаражатты 6 пайызбен 15 жылға дейін береміз. Іс бастаймын  деген азаматтарға есік ашық деп премьер-министрде, оның орынбасары да айтқан болатын-, дейді ЖО облысы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек.

 Жалпы жиында сала мамандары диқандарға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп, субсидия бөлетіндігін жеткізілді. Қант қызылшасы 2 зауыттан артылып қалған жағдайда көршілес Қырғызстандағы қайта өңдеу зауытттарына тасымалданады. «Осы жұмыстардың арқасында фермерлер дақылы далада қалмайды», – дейді ауыл  шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әбдірасыл Желеубаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *