BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARQOǴAMTARAZ 24 ONLINE

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БАСТАУЫ – ОТБАСЫ

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде отбасындағы тәрбиенің маңызы зор. Ал бұл бағытта ата-ана, ұстаздар мен оқушылар үштік одақ ретінде жұмыс істеуі тіптен маңызды. Осы орайда Меркі ауданындағы №5 Ақарал мектеп-гимназиясында «Отбасылық  таланттар» атты отбасылық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Тaraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Отан – отбасыдан басталады. Меркіде өткен кеште ата-аналар мен мектеп ұжымының өзара қарым-қатынасын нығайту, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру үшін  салт-дәстүрлер насихатталды. Кеш барысында алдымен халқымыздың өмір сүру үрдісін бейнелейтін, тұрмыс-тіршілігінен көріністер қойылды. №5 Ақарал мектеп-гимназиясының директоры Ниетқали Қоңқабаев осындай кездесулер оқушылардың санасына серпін береді дейді.

  • Бүгін дарынды, талантты, облыстық және республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген ұл-қыздарымызды басқа да оқушыларға үлгі болсын деп іс-шара ұйымдастырдық. Бұл отбасылық жарыс әр отбасындағы жақсы тәлім-тәрбиені басқа отбасыларға үлгі ретінде көрсеуі үшін қолға алдық. Үлгілі отбасыларды көрген балалар отбасылық құндылықтардың көрінісін көреді.  

Жалпы шараға кәсіптерін ұлттық құндылықтармен үйлестіріп отырған 6 отбасы қатысты. Олар   –  ат баптау, қамшы  өру салтын, мəдениет пен өнерді, елдің мұңы мен зарын жырлаған ақындарды, бабалардан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ұсташылық өнерді, ұлттық ойындарды, ғылыми бағыттағы инженерлік мамандықтары туралы оқушыларға айтып берді.

  • Мектебімізде отбасылық таланттар атты іс-шара өтіп жатыр. Менде қатысушымын. Жарысқа қатысудағы мақсатым жеңіс емес, тек басқа балалардың жетістіктерімен бөлісу. Бастысы тәжірибе алмасу-, дейді мектеп оқушысы Раяна Нұрмаханбет.         

Әр отбасы өздері таңдаған бағыттар бойынша барын салып, өнерлерін көрсетті. Отбасылық кеште  Ергешбаевтар отбасының баласы Шерзод Ергашев Президент мақаласын дәріптеуге арналған республикалық байқауда жеңімпаз атанғаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *