BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINEДенсаулық

ӨҢІРЛІК МЕДИЦИНА САЛАСЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ТОЛЫҒУДА

Өңірде медицина саласына көп көңіл бөлінуде. Науқастар сапалы медициналық көмек алу үшін барлық жағдайлар жасалған дейді ақхалатттылар. Расында солай ма? Бүгін бақ өкілдерінің қатысуымен пресс тур өтті

Прес тур Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасынан бастау алды. Биыл мұнда хирургия және гинекология бойынша 6 айда 1200 ге жуық ота жасалған. Клиникалық құрамда тәулік бойы жұмыс істейтін 12 бөлімше бар. Әр бөлімде медбикелер науқастарға қарап, жағдайларын бақылап отырады. Дәрігерлер ең бастысы науқастар қолайлы жағдай жасалуы кғрек дейді.

– Инфаркт,инсултқа біз жұмыс жасаймыз. Инсултқа 24сағат 7 күн жұмыс жасаймыз. ЖТ карнада синдромға аптасына 3 рет біздің аурухана облыс бойынша кезекшілік. Бүкіл облыстағы жүрекпен жедел жәрдем азаматтардың барлығы осында жеткізіледі,-дейді Марат Жұманқұлов, ЖО көпбейінді ауруханасының бас дәрігері

Заманауи технологиямен жпбдықталған медициналық мекемелер қатарында жамбыл облыстық перинаталды орталығы да бар. Мұнда босанатын, паталогия бөлімінде жатқан аналарға медициналық көмектің барлық түрі көрсетіледі. Биыл 8 айда 4946 ана босанған

– Ауыр жағдайдағы әйелдерге патологиялық және жүкті әйелдерде жүктілік кезінде ауыр жағдайда көмек береміз. Аймақтағылардың бәрі бізге келеді. Сондай-ақ біз бала күтімін жан-жақты қамтамасыз етеміз. Бұл негізінен шала туылған балалар, онкологиялық аурумен туылған балалар, дамуында әртүрлі ауытқулары бар балалар. Хирургиялық көмекті де көрсетеміз,-дейді Асхат Сейтжанов, ЖО перинаталдық аурухананың бас дәрігері

Жақында өңірде облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы пайдалануға берілген болатын. Жаңа ашылған онкологиялық орталықта желілік үдеткіш, МРТ, КТ , ренген аппараттары, цифрлық мамограф, видеобронхоскоп секілді заманауи жабдықтар мен жабдықталған дейді жауаптылар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *