ТАЛАСТЫҢ ТЫНЫСЫ- ӘКІМ НАЗАРЫНДА
Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданына жұмыс сапарымен барды. “Ауыл тұрғындарының табысын арттыру” пилоттық жобасы бойынша іске асырылған жобалармен танысты. Сондай-ақ таластықтармен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Алдымен облыс әкімі Үшарал ауылындағы “Талас – 2020” Ауыл шаруашылығы кооперативіне барды. Мұнда пилоттық жоба 3 жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Өткен жылы кооператив 25 миллион теңге табыс тапқан. Нұрбол Жүнісбековтың айтуынша, биыл кооперативте ірі қара мал басы 17% – ға өскен.
Бұдан соң Нұржігітов осы кооперативтегі жылыжай жұмысымен танысты. Қожалық бүгінде 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Жылыжайда екі ауысыммен қызанақ және қияр егіледі. Көкөністі баптаумен айналысып жүрген кооператив жаз айларынан бөлек тоғыз ай тоқтаусыз жұмыс істейді. Биыл 10 миллион теңге табыс тапқан жылыжай иесі алдағы уақытта оның көлемін бір гектар алқапқа дейін арттыруды жоспарлауда. Сондай-ақ өндірілген өнім ауыл дүкендерінен бөлек, Қаратау мен Тараз қаласының сауда нүктелеріне жеткізіледі.
СНХ: Қанат АЛДАБЕРГЕНОВ АГРОНОМ
Ал келесі кезекте облыс басшысы «Қайқы» көлін, «Нұрабай» каналын және «Бөлекқызыл» су қоймасының жай-күйін көрді. Нұржан Нұржігітов қазіргі таңда су мөлшерінің мол екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Талас және Сарысу аудандары суды өзара келісе отырып, пайдалану керектігін баса айтты. Бұл өз кезегінде екі аудандағы шаруалардың мәселесін оңынан шешуге ықпал етпек.
Келесі нысан Бөлтірік шешен ауылындағы Ш. Уалиханов орта мектебі. Мұнда 152 бала білім алуда. Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда оқитын 50 бала және аз қамтылған отбасылардан шыққан 20-ға жуық оқушы ыстық тамақпен қамтылған.
Сондай-ақ облыс басшысы Кеңес ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында Кеңестіктер бірнеше проблемаларды көтерді. Нақтысы, ауыз су, ағын су, жолдарды жөндеу және субсидия мәселелері. Бұқара базынасын түртіп алған әкім тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.