ЖАҢА ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қабырғасында тағы бір зертхана жұмысын бастады. «Физика-Химиялық зерттеу» орталығының базасында құрылған «Суды тазалау және материялдар» лобораториясында енді жас ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізбек. Айта кету керек, жалпы жоғарғы оқу орнында 6 зертхана жұмыс істеп келеді.
М.Х.Дулати атындағы тараз өңірлік университетінде 86 зерхана жұмыс істейді. Оның алтауы нақты ғылыми бағытта қолданылады. Ал бүгінгі жаңа лобороторя су тазалау бойынша ғылыми жұмыстар қолға алынбақ. Зерхана «Қазақстандағы қалалық тазарту құрылыстарының ағынды сулардағы қауіп тудыратын ластаушы заттарды анықтау және тазарту» тақырыбындағы 34 айға арналған жобаның негізінде құрылған.
– Нақты ғылыми жұмыстарға қолданылатын бізде 6 зерханамыз осы күнге дейін бар етін. Қазір енді жаңа лобороторямыз қосылып отыр. Бұл лоборотория негізі ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру аясында жабдықталып отыр-,дейді М.Х.Дулати ТарӨУ ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев.
Су жаңа зертханада ағынды сулар, ауыз су, қалалық ағын сулардың сапасы мен құрамын анықталады. Судың құрамында кездесетін зиянды ластаушы заттарды идентификациялау мен мөлшерлік анықтауға қажеті барлық құрал жамбықтармен қамтылтылған.
– Лобороторияның негізгі бағыты ол суды тазалау және су тазалауға арналған жаңа материялдарды, жаңа өнімдерді шығару. дайындап шығау-,дейді М.Х.Дулати Тарөу ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев.
Айта кетейік университет қабырғасында бакалавр, докторантурада білім алып жатқан студенттер зертхананың ашылуына келген қонақтарға өз жұмыстарын таныстырды. Білімгерлер зертханаға қойылған әрбір құрылғыларға жеке жеке тоқталып, бастаған зерттеулері туралы баяндады.