BASTY BETBİLİM

САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ

Бүгін Тараз өңірлік университетінде Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай «Ұлтына қорған болған батыр» тақырыбында конференция өтті. Ұстаздар мен студенттер, батырдың өмірбаяны, қазақ  халқына сіңірген еңбегін айтып, еске алды.

Сағадат Нұрмағамбетов – әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» 1942 жылдың шiлде айында 18 жаста кеңес әскер қатарына қабылданып, Түрікменстанда пулеметшiлер дайындайтын училищенi үздiк аяқтайды. Кейін взвод командирi ретiнде майдан шебiне аттанады. Кубань, Дон, Молдавия жерлерiнде, Шпрее өзендерiнiң бойында жан алысып, жан беріскен шайқастарға қатысқан. Бүгінгі өткен жиында ұстаздар қауымы батырды еске алып, естен кетпес ерліктері туралы айтты.

-Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы, қандай қызметкерлер атқарғаны, Кеңес одағының батыры сондай мәліметтер айтылды. Одан бөлек Гүлжан Ыдырысова  Сағадат Нұрмағамбетовқа қатысты жаңа деректерді ортаға салды. Ол кісінің батырлығы, мінезі туралы айта берсең өте көп-,дейді Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Дархан Қуанышұлы.

Іс-шарада ұстаздар ғана емес университет студенттеріде «Ұлтына қорған болған батыр» тақырыбында дайындап келген баяндамаларын оқыды.  Жас студенттер бүгінгі конференциядан алған әсерлерімен бөлісті.

-Университетке түскен кезде қоғамдық жұмыстарда осы Сағадат Нұрмағамбетов туралы үлкен іс шараларға қатыстық. Ол кісінің қызметі мен өмір жолын кеңінен түсініп біліп, ендігі қоғамға насихаттап батырымзда ұлықтайтын көптеген іс-шараларымызды өз кезегінде атқарып жатырмыз-,дейді ТарӨУ-нің студенті Құттыбек Әшірхан.  

Айта кетейік еске алу конференциясында батырдың бала кезінен бастап өмірінің соңына дейінгі мәліметтер айтылды. Шарада баяндама оқығандар арнайы сертификаттармен марапатталды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *