ЖАМБЫЛДА СУ ТАСУ ҚАУПІ ЖОҚ
Жамбыл облысына су тасқыны қаупі төніп тұрған жоқ. Өңірдің елді мекендерін су басуын алдын алу мақсатында 3500 м3 тонна қар шығарылып, облыс аумағындағы каналдар, арық желілер мен су өткізу құрылғылары тазартылған. Бұл туралы ТЖД мамандары брифингте мәлімдеді.
Облыстағы ең үлкен су қоймалары Тасөткел, Теріс-Ашыбұлақ пен Талас өзенінің негізгі су көзі болып табылатын Киров су қоймасы. Қазірде су қоймаларының толтырылуы бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда дейді, жауаптылар. Сондай-ақ түсіп жатқан су көлемін ескере отырып, бүгінгі таңда қауіп жоқ екенін хабарлады.
– Су торабтар, су қоймалар бойынша сегменттік қақпаның жұмысы, қақпасының ашылып-жабылу режимі, қақпа көтеретін моторлардың майланып, жұмыс істеуі тексерілді. «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының теңгеріміндегі барлық 7 су қоймасының жұмыс істеу графигі жасалынып, су тасқынын алдына алу бойынша кезекшілік ұйымдастырлып, қатаң бақылауға алынды. Су қоймалар транзиттік режимге ауыстырылды-,дейді «Қазсушар» РМК директоры Асқанат Қадыров
«Қазгидромет» деректері бойынша облыс аумағында топырақтың қатуы байқалмайды. Ал таулы аудандарда қар жамылғысының деңгейі шамамен 5-10 см құрап отыр. Десе де өңірде су тасқының алдын алу және жою мақсатында 1927 адам, 437 техника, 19 жүзу құралы, 132 мотопомпа, 48 жолаушылар көлігі жұмылдырылған. Бұдан бөлек, су тасқыны орын алған өңірлерге жамбылдық құтқарушылар аттанған.
– Республикамызда су тасқыны болып жатқан облыстарға көмек ретінде облыс аумағынан төтенше жағдайлар департаментінен 57 жеке құрам мен арнайы құралдары жіберілді, 7 бірлік күштер мен құралдар тобы, 13 мотопомпа және 3 үрлемелі қайық Ақмола облысына жөнелтілді-,дейді ЖО ТЖД басшысының орынбасары Руслан Орынбеков.
ТЖД мамандары қазір өңірде су айдындарына жақын орналасқан елді мекендерде халыққа іс-қимылдарын түсіндіру бойынша үгіт-насихат ұйымдастырып жатырмыз дейді.