150 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Бүгін 1 қыркүйек білім күні, облыс бойынша 23 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттады. Сондай ақ аймақта 25 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның 14-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Дәл осындай мектептің бірі Жамбыл ауданы Шоқай ауылында оқушыларды қабылдады. Ғимараттың ашылу салтанатына әріптесім Саламат РАХЫМЕТ барып қайтты.
Жамбыл ауданы Шоқай ауылында жаңа мектеп ашылды. Жамбыл облысы әкімінің атынан 10 ноутбук сыйға тартылды. Бүгінде білім ошағында 223 оқушы білім алады. 1сыныпқа 18 оқушы қабылданған.
— Соғылып отырған жаңа мектеп арқылы осы ауылда орын тапшылығы бар нөмірі 3 мектептің мәселесі шешіліп отыр. Енді балдарымыз кең заманауи талаптарға сай жабдықталған үлкен мектепте білім алады. Балдардың жақсы білім алуына барлық жағдайлар жасалды. Жаңа мектепте білім сапасы артып балаларымызжақсы оқып ел сенімін ақтайды деген сеніміміз мол,-дейді Нұржан Календеров, ЖО әкімінің орынбасары
Осы уақытқа дейін ауыл балалары 1966 жылы соғылған сыйымдылығы 80 орындық жалпы 8 кабинеті бар мектепте оқыған. Ол ескі ғимаратта Спорт зал, АКТ зал, асхана дейтін мүлде болмаған. Осылай деген мектеп директоры жаңа білім ошағында барлық жағдай жасалған дейді.
— Одан бөлек 14 пән кабинеттері бар одан бөлек 2 диктафондық кабинет орыс тілі мен ағылшынға беріп отырмыз 2 шебер хана ұлдармен қыздарға арналған. Асхана спортзал мен және мәжіліс залмен жабдықталған өте заманауи робототехника кабинеттері бар,-дейді Жандос Досқожа, Шоқай ауылдық №3 орта мектебінің директоры
Құрылысына 829 млн теңге бөлінген ғимарат барлық заманауй талаптарға сай жабдықталған. 150 орындық оқу ордасы 2 ауысыммен 300 баланы қамти алады. Айта кетейік Облыс бюджетінің 50 пайыздан астам қаржысы білім саласына бөлінген. Бұл дегеніміз 300 млрд теңгеге жуық қаражат.