САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА?
Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров облыстық мәслихат депутаттарының алдында сан салада атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізді. Жиында құрылысы жүріп жтқан нысандардың жай күйі де айтылды. Атқарылған іс халық қалаулыларының неліктен көңілінен шықпады?
Биыл өңірде іргетасы қаланып, бой көтеріп жатқан нысандар жетерлік. Мәселен, денсаулық сақтау саласында осы жылы 21 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 19-ы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал осы мекемелердің сапасына маслихат депутаттары тарапынан сын көп. Айталық, Шайқорық ауылында салынып жатқан амбулатория. Мердігер компания әлі күнге дейін кәріз жүйесін қоса алмай әлек.
– Бір метр жерден су шығады ол жерден. Мен бардым сол жердегі мердігерлерде менімен келіскен. Сізден соны сұрадым өткендеде жауап бере алмадыңыз, әлі шеше алмайсыз бұл мәселені. Сіздер құрылысты бітіре алмай отсыздар әлі элементарный құрылыс әлі біткен жоқ. Қазір айтып жатсыз потолгынан су өтіп кетті деп не үшін өтеді ол?,-дейді Дамир Ташқараев, облыстық мәслихат депутаты
Мамандардың айтуынша тамыз айында аяқталуы тиіс ғимараттың құрылыс жұмыстары енді қарашаға дейін созылмақ. Десе жауаптылар тұрғын үй салу бағытындағы жұмыстар жүйелі дейді. Нұржан Календеровтың айтуынша жыл басынан бері өңірде 501 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
– Жыл соңына 2364 пәтерлі 42 үй пайдалануға берілмек. Бүгінге 420 пәтерлі 6 кредиттік тұрғын үй, жеке 324 пәтерлі 7 тұрғын үй тапсырылды. 869 жер учаскісін тарату және әлуметтік осал топтағы, көп балалы отбасылырға 7,6 млрд теңгеге 797 пәтер сатып алу жоспарлануда,-дейді Нұржан Календеров, ЖО әкімінің бірінші орынбасары
Бүгінгі жиын АМАНАТ партиясының өңірлік Сайлауалды бағдарламасын іске асыру және Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтауға бағытталған. Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаттары жоғары да айтылған мәселелер назарда болатындығын жеткізді.