BASTY BETDENSAÝLYQJAŃALYQTARQOǴAMSport

ШАХМАТТАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Таразда классикалық шахматтан ҚР балалар кубогының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Жиынға ЖО әкімі Ербол Қарашөкеевпен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты. Ал турнирдің бас серіктесі Freedom Shapagat болды.
Өңірімізде алғаш рет өткен шахмат додасына еліміздің 17 өңірінен 300 ден аса жасөспірім келіп, өзара бақ сынасты. Ал жамбыл облысының атынан 50 жасөспірім қатысқан. 3күнге созылған жарыс бүгін мәресіне жетті.
Егемен еліміздің барлық облыстарынан 325 бүлдіршіндер қатысты. Өздеріңіз білесіздер жылдың басынан біз Түркістанда бастағанбыз балалар арасында чемпионатты, одан кейін Шымкентте жалғасты. Енді міне Жамбыл облысында қортындылап отырмыз. Мақсат шахматты Қазақстанда дамыту-, дейді Марат Есенов қр шахмат федерациясының вице-президенті.
Таразда алғаш рет ұйымдастырылып отырған шахмат жарысы қатысушылардың көптігімен ерекшеленді. Сайыстың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құраған. Асығы алшысынан түсіп, жеңімпаз атанғандарды федерация өкілдері марапаттап, арнайы кубок пен қаржылай сыйлықтарын табыс етті.
Осы шахматқа қатысып жүргеніме 6 жылдай болды . ҚР балалар арасындағы шахматтың бірінші кезеңінде 12 жасқа дейінгі қыздар арасында 1 орын иегерімін. Бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын-,дейді жас шахматшы Адина Ерболатқызы.
Тағы айта кетерлігі, Қазақстан шахмат федерациясы жоғары орын алған шахматшы оқушыларды әлем және Азия чемпионаттарына және басқа да ірі халықаралық жарыстарға қатысуғамүмкіндік беріп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *