BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMҚылмыс

СОТТАЛҒАНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

Жамбылда сотталған азаматтар жұмыспен қамтылып жатыр. Айталық, қаладағы №26 түзеу мекемесінде 109 жазасын өтеуші екі қолға бір күрек тапқан. Тіпті кейбірі сүйікті ісін тауып, кәсіп көзіне де айналдырыпты. Саламат Рақымет темір торда тірлік бастаған азаматтармен тілдесіп қайтты.
Шалыс басып №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың басым көбі қазір жеке кәсіпкерлердің қарамағында жұмыс істейді. Бірі құрлыс жұмыстарына араласса, енді бірі мащина жөндеу ісін меңгерген. Ал Асқар есімді мына бір азамат дәнекерші. Ол сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылыпты. Талап қарызы 8 млн теңге. Өзінің айтуынша, табысы жақсы.
– Айлығым нақты жетіп жатыр. Өзімінің ИСК-ді төлеп жатырмын. Қаражат жағынан бала-шағама көмектесіп жатырмын. Негізгі талап қарызым 8 млн теңге.
Қазіргі таңда №26 түзеу мекемесінде 171 азамат жазасын өтеп жатыр. Ал мұндағы мамандар біздің міндет сотталғандардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау. Сондықтан олардың әрқайсысының қызығушылығына мән беріледі, дейді ЖО №26 түзеу мекемесі сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы Нұрсұлу Кенішбаева.
– Жұмысқа орналасатын кезде бұл азаматтардың жұмысқа қабілеттілігін және денсаулығына мән береміз, ескереміз. Бұл кісілердің талап қарызы бар жоғын ескереміз. Жұмысқа деген икемділігін жұмыс жасай алатындығын мамандығын қараймыз.
Жазасын өтеушілер тапқан табысының жартысын талап қарыздарын төлеуге аударады. Талап сондай. Бұл жандардың бостандыққа шыққан соң жұмысқа орналасуы екіталай. Ал қазір меңгерген кәсіптері арқылы кейін де табыс таба алады дейді мамандар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *