AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақЕл

МЕРКІЛІК ШАРУАЛАР СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА КӨШІП ЖАТЫР

Өткен жылы ауа-райының қолайсыздығы шаруаларды шығынға батырған еді. Сол себептен де биыл диқандардың көбі тамшылаптып суару жүйесіне көшіп жатыр. Инновациялық технологиялар Меркі ауданында да қолға алыныпты. Тіршілік нәрін тиімді пайдаланудың қыр-сырын аудан тұрғындары қалай меңгеріп жатыр? Алдағы бейнематериалдан көріңіздер.
Меркі ауданындағы «Сұрат Даму» өндірістік кооперативі егіс алқаптарына су үнемдеу технологияларын енгізуде. Қазір 250 метр тереңдіктен су шығаратын 5 ұңғыманың қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кооператив басшысы Тәуіржан Алтынбаев іс бітсе, 250 гектар алқапты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады дейді.
-Тікелей поля суғару үшін ғана емес бұл жерде спрингерлік жаңбырлатып суғару немесе тамшылатып суғару, осы бойынша кооперативімізбен және жеке шаруалармен жерді суландыру мақсатында осы тірлікті бастап жатырмыз-, дейді «Сұрат Даму» өндірістік кооперативінің басшысы Тәуіржан Алтынбаев.
Кооператив басшысының айтуынша 10 адам жұмыспен қамтылған. Қажетті техникалар жеткілікті. Бүгінде техника саны 17 данаға жеткен. Қазір ауыл маңынан арнайы су қоймасы дайындалыпты. Суы қоры сол бассейнге жиналып, қажет болғанда пайдалануға мүмкіндік бермек.
-200 метрге жетіп қалды қазып жатқанымыз негізі бұл жерден 70 метрден су шығады, бірақ біз су мол болу үшін көбірек қазып жатырмыз, міне көкелеріміз жақсы жұмыс бастаған екен Құдай қаласа жұмыстары алға баса берсін-, дейді кооператив жұмысшы Ғабитжан Абдиғаппаров
Ал ауданның ауыл шаруашылық мамандары ұңғыма қазу жұмыстарын субсидиялау мәселесі де қарастырылып жатыр, дейді. Жалпы «Сұрат Даму» ауыл шаруашылығы кооперативі 2019 жылы ауданда алғаш құрылған. Ісі ілгері басып,бүгінде жалпы 470 гектар егіс алқабын игеріп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *