BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖАРЫСЫ

Таразда жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба байқауының республикалық кезеңі басталды. Дәстүрге айналған олимпиада да өңірлік іріктеуінен өткен үздіктер өзара бақ сынасады. Ал конкурсқа 700-ге жуық жобамен 800-ден астам жас ғалым қатысып жатыр.

Ғафур Шайхы жасы 16-да. Ол мұндай байқауға алғаш рет қатысып отыр. Жарысқа 7 ай бойы жасаған өрт сөндіргіш роботын алып келіпті. Құлтемір ARDUINO платформасы арқылы жұмыс істейді. Ұялы телефонменде басқарылады екен.

– Өрт сөндіру қызметкерлеріндегі қауіпсіздігін арттыру және де өрт сөндірудің экономикалық қаржы жағынан, және де техникалық даму жағынан өз үлесімді қосам деген бағытта алып отырмын. Бұл менің шын айтсам алғашқы жобам және де бірден республикаға өткеніме мен өте қуаныштымын. Алдағы уақытта белгілі бір орын алатыныма сенімдімін деп айтсам да болады,-дейді Ғафур Шайхы, қатысушы

Жас ғалымдар конкурсына облыс атынан 46 оқушы қатысып отыр. Олар 36 жобаны қорғайды. Ал өзге өңірлерден келген қатысушылар шаһардағы тарихи ескерткіштері мен мұражайларды аралайды. Олардың қатарында Тектұрмас, Айша бибі, Қарахан кесенелері бар. Оқушылар А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында «Айша бибі» қойылымын да тамашалайды.

– Жалпы біздің оқушыларымыз жыл сайын республикалық ғылыми жобалар конкурсында жоғарғы деңгейден көрініп ең үздік атағын еленіп келеді. Сондықтан да биылғы жылы осы конкурста да білімдерін дәлелдеп шығады деген үлкен сенімдеміз,-дейді Айдын Досыбаева, ЖО білім басқармасы басшысының орынбасары

Айта кету керек, 9 бен 11 сынып оқушылары арасында өтіп жатқан жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің беделді жоғарғы оқу орындары ұсынаған 20 ректорлық білім грантының иегері атанады. Сонымен қатар, жаратылыстану-математика бағыты бойынша ең үздік жобалар АҚШ-та өтетін «Regeneron ISEF-2024» дүниежүзілік ғылым және техника көрмесіне Қазақстанның атынан қатысады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *