JAŃALYQTAR

МЕКЕМЕДЕГІ КІТАПХАНА ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫ

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған кітапхана бар. Бүгінде мекеменің бірлескен жұмысы арқасында Жамбыл облыстық Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Дмитрий Русланович Халидов пен Галина Тимофеевнаның қолдау көрсетуімен кітапхана қоры толықтырылды. Олардың ішінде негізінен көркем әдебиет, діни кітаптар мен журналдар бар. Сотталғандар әдебиеттерді кітапхананың оқу залында оқиды, немесе кітаптарды өзімен бірге жасақ жатақханасына ала алады,-дейді мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім бастығы әділет майоры Мұқағали Жұмағалиұлы. Кітаптардың сотталғандарға әсері оң, олардың отандық шығармаларына қызығушылығын оятып, заңға бағынатын мінез-құлық қалыптастыруға, жеке тұлғаның дамуына, жағымсыз ойларды азайтуға, өмірлік ұстанымдарын қайта қарастыруға көмектеседі.

Осы ретте, №59 әкімшілігі толықтырылған кітапхана қоры үшін улкен алғысын білдіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *