JAŃALYQTAR

ТАРАЗ – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ

Тараз қаласы  Қазақстанда алғашқы болып, Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енді. Бұл аймақта мәдениетті, туризмді дамытуға үлкен себепкер. Неліктен көптеген шаһар ішінен облыс орталығы суырылып шықты? Бұл бағыттағы алдағы жоспар қандай?

Тарихы тереңде жатқан Тараз шаһары  енді әлемнің түкпір-түкпірінен келген қолөнершілердің бас қосатын орнына айналды. Бұл жолғы үлкен іс-шараға  Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты Орталық Азия елдерінен ғана емес, Үндістан, Нидерланды сияқты алыс мемлекеттерден келген шеберлер жұртшылыққа өз өнімдерін ұсынды.

Зухра ХОДЖАНИЯЗОВА ҚОЛӨНЕРШІ, /ӨЗБЕКСТАН/

Тараз қаласындағы тамаша Өзбекстаннан халықаралық көрмеге келдік. Біз өте қуаныштымыз, қонақжайлылық үшін алғысым шексіз. Біз ынтымақтастық одан әрі де беки түседі деген ниеттеміз.Мұнда Қазақстанның, Үндістанның және басқа да елдердің түрлі туындыларымен таныстық.

Энни СТЮРИНГ ДИЗАЙНЕР  /НИДЕРЛАНДЫ/

Маған шаһар қатты ұнады. Мұнда мен әртүрлі адамдарды, түрлі мәдениет пен өзіндік стильдерді көрдім. Әрі олардың барлығы тап осында. Әдетте үйде сөмкелерді өзім жасаймын. Голландияда менің үлкен галереям бар

Аталмыш шара қолөнершілерге шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, берік байланыс орнатуға ғана емес, сонымен қатар өз өнімдерін сатуға да мүмкіндік болмақ. Айта кетейік, тіпті сатып алушылар қатарында облыс басшысының өзі де болды.

Шара әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Мұнда қала әкіміне Тараз қаласының Дүниежүзілік қолөнер қалаларының тізіміне ресми түрде енгізілгенін көрсететін сертификат табыс етілді.

Бірқатар қолөнершілер де шара барысында марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *