AGROJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ӨҢІРДЕ МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Жамбыл облысында мал азығын дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әр аудандарға қарасты ауылдық округтерде арнайы жұмыс тобы құрылған. Десе де мамандар биыл нарықта шөптің бағасы көтерілуі мүмкін деген болжам жасап отыр.

Жамбыл облысында 560 мыңға жуық мүйізді ірі қара бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 105 пайызға артық. Осыған орай облыста 218,8 мың гектар аумақта мал азық дақылдары егілген. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының аутйынша қазір өңірде қысқа қажетті жем-шөп дайындау белсенді жүріп жатыр.

– Барлық санаттағы шаруашылықтарға мал басының санына қарай 513 мың тонна жем және 2 миллион шөп, 87 мың тонна пішендеме, 81 мың тонна сүрлем қажет,-дейді Нұрби Жігітеков, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Биылғы жылы мал шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 5,3 млрд теңге бөлінген. Осылайша 2500ден астам шаруа 4,8 млрд теңгеге субсидия алады. Қақзіргі таңда қаражаттың 91 пайызы игерілген.

– Мамандардың айтуынша, биыл қыс қарлы болады. Сондықтан жұмыс уақытылы аяқталуы керек. Бақылауда болыңыз. Сонымен қатар, мен ерекше атап өткім келеді. Барлық кооперативтер қор жинауы керек. Құрал-жабдықтарға да, басқа қажеттіліктерге де барлық қажетті қаражатты бөлеміз,-дейді Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі

Мамандар нарықтағы шөп бағасы өткен жылмен салыстырғанда 1,5-2 есе төмен дейді. Бірақ көрші облыстарға тасымалданып жатқандықтан бағаның көтерілуі мүмкін екендігін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *