9 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ
Кәсіпкерлердің құқығы қорғалады! Бүгін өңір басшысы Ербол Қарашөкеев пен облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің қатысуымен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Биыл жылдың басынан бері облыстық прокуратура 9 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды дейді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды қолдау. Бұл прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Тексеру қорытындысы бойынша 46 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Салық органдарының 543 негізсіз актісі мен атқару өндірісінің күші жойылыпты.
– Мекмлекеттік бақылаушы органдар кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласуы орыналған. Ол үшін 46 тұлға жауапқа тартылған. Сонымен қатар алты басшылықтың құрамынан 6 адам тартылған. Кәсіпкерлердің араласу тексеру жүргізу сонымен бірге олардың шоттарына кедергілер қою,-дейді Ердос Мақашев, ЖО прокуратурасы үшінші басқармасының басшысы
Биыл сараптамалық кеңестің 5 отырысы өткен. ал бүгінгі жиында облыс әкімі Ербол Шырақбайұлы инвестициялық штабтың жұмысын түбегейлі қарастыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, жақын арада инвестиция тарту бойынша аудан әкімдері мен әкім орынбасарларының рейтингі жасалады.
– Бүгінгі күні бизнеске қолайлы жағдай жасау және жаңа инвестийияларға тартуға мүмкіндік беретін бірқатар жүйелі шараларды енгізудеміз. Жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілетін болады және бұл бойынша жол картасы дайындалуда. Өзім беіттім ол жол картасын оның іске асуын өз бақылауыма аламын,-дейді Ербол Қарашөкеев, облыс әкімі
Сонымен қатар, әрбір инвестициялық жоба бойынша нақты жоспарлар мен жауапты қызметкерлер дайындалады. Сондықтан жиын соңында облыс әкімі осы саладағы тығыз ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға шақырды.