ЕНЕЛЕР МЕН КЕЛІНДЕР ФОРУМЫ
Ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу, жарасымды жанұя мен өнегелі отбасыларын көпке үлгі болып жүрген енелер мен келіндер де қазіргі қоғамда көптеп кездеседі. Осы орай да Анаға тағзым орталығында «Бақыттың кілті» атты енелер мен келіндер форумы өтті.
Бүгінгі форумда кейіпкерлер өздерінің өнері, кәсібі, саласы бойынша түрлі локацияларға бөлініп, орталықтағы курс және үйірме қатысушыларына шеберлік сағаттарын өткізді. Ал, енелер қауымы басқосып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Форумда өзі әжірбайжан ұлтынан болса да қазақ келіні атанып отырған Нона Исматова 32 жылдық тәржібиесімен бөлісті. Ол Енемнен көптеген дүниені үйрендім дейді
– Мен өзім жас кезімде келін болып түстім да. Көп нәрсені білмитінмін. Қазақ тілі білмитінмін. Қазақ тілін үйретті енем. Үйдің жағдайын үйретті қалай істеу керек екенін, бие сауады, қымыз жасайды ондайды мен білмитінмін. Сол кезде соны үйретті сондай нәрсе жасадым. Құрт жасадық, ірімшік. Тағамның түр түрін жасадық,- Нона Исматова, келін
Іс-шара аясында енелер мен келіндер марапатталып, естелікке әр отбасыға бақыттың кілті табысталды