BASTY BETJAŃALYQTAR

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 43 ЕЛГЕ ВИЗАСЫЗ САЯХАТТАЙ АЛАДЫ

Биыл қазақстандықтар әлемнің 43 еліне визасыз саяхаттай алады. Оның ішінде шенген аймағынан тыс Еуропа және Азия елдері бар.

Беларусь, Доминикан Республикасы, Қырғызстан, Палестина, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдерге көк төлқұжатпен-ақ баруға болады.

90 күнге саяхаттауға болатын кейбір елдерге алдын ала тіркеуден өту керек.

Ал сапарыңызды Оңтүстік Корея мен Шри-Ланкаға жоспарласаңыз, саяхатқа рұқсатты электронды түрде алу керек.

Мұнда 1 айға дейін тұрақтауға болады.

Өзге де визасыз баруға болатын елдердің тізімі экрандағыдай. Сондай-ақ, мамандар саяхатқа шығуды жоспарласаңыз, тізімдегі елдердегі саяси жағдайды анықтап алуға кеңес береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *