BASTY BETJAŃALYQTAR

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының №5513 әскери бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесінің психологтары әскери бөлімнің сарбаздарымен психологиялық тренинг өткізді. Тренингте әскери ұжымдардағы жанжал немесе күйзеліс жағдайлардың алдын-алу мақсатында «Жанжал және оны шешу жолдары», «Күйзеліс жағдайдан шығу жолдары» тақырыптарында дәріс, проективті әдістемелер және тренинг жаттығулары жүргізілді. Ұжымды ұйымдастыру заңдылықтарын ашу, психологиялық ортаны, достық арақатынасты басқару, сарбаздарды рух беру арқылы тәрбиелеуге көмектеседі. Қарамағындағылардың ішкі әлемін, ұжымдық ортаға көзқарасын білу басшылықтың жетістігін көрсетеді. Әскери бөлім сарбаздары іс-шараға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен келесі кездесуді асыға күтетіндерін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *