BASTY BETJAŃALYQTAR

БАРЛЫҚ МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ – ВИЦЕ-МИНИСТР

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов неге барлық азаматтың мобильді аударымдары тексерілмейтінін айтты.

Мемлекеттік кірістер органдары бүкіл мобильді аударымдарды тексермейді. Жеке шоттарына ай сайын қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар (маңызды: 100-ден астам аударымдар емес, ал 100 және одан да көп тұлғалардан аударымдар) бақылауға жатады, – деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Біржановтың сөзінше, егер аударым межеден асса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі.

Әртүрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне аударуға шектеулер жоқ. Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер бақылау саласынан шығарылады. Сондай-ақ, бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Салық режимдерінің тәртібі оңайлатылды. Салық ставкалары қызмет түріне байланысты тек 1%-дан 4%-ға дейін, – деді Ержан Біржанов.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшкендерге қатысты пікір білдірген еді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *