JAŃALYQTAR

ОБЛЫС БАСШЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНДА

ОБЛЫС БАСШЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНДА

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Меркі ауданына барды. Ауданда күзгі жиын-терін жұмыстарымен танысты. Мұнан соң бірқатар нысандарды аралап, Ойтал, Сұрат ауылы тұрғындарымен де кездесті.

Бұл  Жамбыл ауылдық округіндегі «Қуан и Д» шаруа қожалығының қант қызылшасы алқабы.  Шаруашылықтың суармалы 158 гектар алқабы бар бола, оның 50 гектарына қант қызылшасы отырғызылған. Қожалық бұл алқапты су ұңғымасын қазу арқылы ылғал беріп отыр. Бүгінгі таңда жиналған балтамырды “Меркі қант зауытына” тасымалдауда.Мұнан кейін аймақ басшысы  “Меркі қант зауыты” –ның қоймасында болды.

Талдыбұлақ ауылы іргесінде орналастырылған «Жеміс жидек» СЕРІКТЕСТІГІ құлпынай егуде. Дәл осындай ECO MERKE» шаруа қожалығы да құлпынай көшеттерін Италия мен Испания елдерінен алып отырғызған. Облыс басшысы жеміс-жидек өсіріп отырған бірқатар шаруалардың жұмысымен танысып қана қоймай, Ақарал ауылындағы №5 мектеп-гимназиясының құрылыс жұмысымен де танысты. Солай, аймақ басшысы «Өңір тұрғындарының тұрмысын жақсарту” пилоттық жобасымен танысып, тапсырма жүктеді.

Бұдан кейін Нұржан Нұржігітов №48 орта мектептің мәжіліс залында Ойтал ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, соңынан жеке қабылдау өткізді. Мұндай жиын Сұрат ауылындағы мәдениет үйінде де өтті. Жиын сұрақ-жауап түрінде басталып, ауыл тұрғындары көкейінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *