BASTY BETJAŃALYQTAR

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Меркі ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмыстары басталды. Ал шаруаларға қолдау көрсету мақсатында кезекті семинар өтті. Онда жаңа техникалар таныстырылып, мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.

Меркіде егін шаруашылығы жақсы дамыған. Әсіресе қант қызылшасын өсіру мықтап қолға алынған. Айтылық, өткен жылы аудан шаруалары 50,3 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Биыл да жақсы көрсеткіщтерге қол жеткізу мақсаты тұр дейді, жергілікті билік өкілдері. Сол себепті де осы салада еңбек етіп жүрген азаматтардың басын қосып мамандар мемлекеттен берілетін қаржылай көмек түрлері жайлы ақпараттандыру жұмыстарын бастапты.

“Көктемгі дала жұмыстарына дайындық және қант өндірісін дамыту». Бұл бүгінгі жиынға арқау болған тақырып. Шаруаларға қант қызылшасын өсіру мен жинауға арналған техникалар, жаңбырлатып, тамшылатып суару технологиялары, минералды тыңайтқыштарды қалай қолдану керектігі туралы кеңінен айтылды.

Сондай-ақ, вегетация кезеңінде су беру, егістік алқаптарға ұңғыма қазу мәселелері де сөз болды. Өз кезегінде мамандар лизинг арқылы техника алу, несиелендіру бойынша кеңес берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *