BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023 ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Жамбылдықтар республикалық “worldskills kazakhstan 2023” чемпионатының жүлделі орындарынан көрініп, өңірге оралды. аталған чемпионатта облыс студенттері 2 алтын және 2 күміс, 12 медальон иеленген.

Елордада өткен «worldskills kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. байқауға 22жасқа дейінгі 545 маман және 520 сарапшы қатысқан. облысымыздың студенттері мен жас мамандары кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген жарыста жүлделі орындардан көрініп шаһарымызға оралған жастарды ата аналары ыстық ықласпен күтіп алды.

– «Worldskills kazakhstan 2023» кузов жөндеу құзіреттілігі бойынша бірінші орын алып отырмын өзімнің коледжімнің директоры дүйсенбек Исахметұлына алғысымда білдіргім келеді. Өйткені дайындалу және білім алу процесіне үлкен үлес қосқан. Енді шет елге жолдама алуға тырысамыз үміттенеміз,-дейді Рауан Тасу, қатысушы

Айта кетейік, биылғы республикалық конкурстың жеңімпаздары екі жылда бір рет өтілетін әлем чемпионатына жолдама алады. ол үшін былтырғы жеңімпаздармен өзара мықтыны анықтау қажет. ал былтырғы жеңімпаздар еуропа чемпионатында бақ сынап, тәжірибе жинақтап қайтқан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *